Philips Vacuum cleaner with bag FC9178/03 FC9178/03 Benutzerhandbuch

Produktcode
FC9178/03
Seite von 298
30  Кішкене қондырғы 
31  Жарықшақты аспап кішкене қондырғы
32  Тазалағыш саптама
33  Топсалы бекітпесі бар үстіңгі тұтқа
34  Бу шығару торы
35  Уақытша қоюға арналған орын
36  Тоқ шанышқысы
37  HEPA 13 жууға болатын фильтр
38  Сақтап қоятын сап
39  Шарнирмен байланыстырылған дөңгелек
40  Сақтап қою тесікшесі
41  Ерекше табан
Маңызды
Құралды қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият 
оқып шығыңыз да, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті
 - Суды немесе басқа сұйықтықты соруға болмайды. Жануы жеңіл 
заттарды соруға болмайды, ал күлді сору үшін, оның суығанын 
күтіңіз.
Ескерту
 - Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті 
қамтамасыз етілетін вольтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп 
алыңыз.
 - Егер құралдың шанышқысы, сымы немесе құралдың өзге бөлшегіне 
зақым тиген болса, құралмен қолданбаңыз.
 - Егер тоқ сым зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны 
тек Philips немесе Philips әкімшілік берген қызмет орталығында 
немесе соған тәріздес деңгейі бар маман ғана ауыстыруы тиіс.
 - Бұл құрылғы физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері 
төмен адамдардың (оның ішінде балалар), тәжірибесі және білімі 
жоқ адамдардың қолдануына арналмаған, олардың қауіпсіздігіне 
жауап беретін адам оларға жетекшілік етіп, құрылғыны қалай 
қолдану керектігін түсіндіруі тиіс.
 - Балаларды бақылап, олардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
 - Шаң сорғыш қосулы кезінде, шлангыны, құбырды немесе басқа 
қосымша бөлшектерді көзіңізге, құлақтарыңызға, бағыттамаңыз 
және оларды аузыңызға салмаңыз. 
абайлаңыз
 - Сіз шаң сорғышты күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және 
осы тәріздес заттарды сору үшін қолданған кезде,  шаңмен шаң 
дорба тесікшелері бітіп қалады. Осының нәтижесінде, шаң дорбасы 
толып кетті деген көрсеткіш шаң дорбасы толды деп ескертеді. 
Бір рет ғана қолданылатын шаң дорбасын алмастырыңыз, ал қайта 
қолданылатын шаң дорбасын босатыңыз, тіпті ол әлі де болса 
толы емес болса да («Шаң дорбасын алмастыру/босату» тармағын 
қараңыз).
 - Бұл құралды мотор қорғауыш фильтрсіз қолдануға болмайды. Бұл 
моторға зақым келтіріп, құралдың қызмет ететін өмірін қысқартуы 
мүмкін.
ҚазаҚша
104