LG V490 Benutzeranleitung

Seite von 492
37
Жылдам өту пернелері негізгі экранның төменгі жағында қол жетімді 
және ол ең көп пайдаланылатын функцияларға оңай, бір рет түртіп өтуге 
мүмкіндік береді.
Күй жолағы – Құрылғының күй ақпаратын, оның ішінде 
уақыт, Wi-Fi сигналының күшін, батарея зарядын және 
хабарлау белгішелерін көрсетеді.
Артқа пернесі – Алдыңғы экранға қайтарады. Сонымен қатар мәзірлер, 
диалогтық терезелер және экрандағы пернетақта сияқты қалқымалы 
элементтерді жабады. Қос терезені ашу үшін оны түртіп тұрыңыз.
Соңғы қолданбалар пернесі – соңғы пайдаланылған 
қолданбаларды көру үшін түртіңіз. Бағдарламалардағы 
Мәзір опцияларын көрсету үшін де оны түртіп тұруға 
болады.
Қолданба белгішелері – Белгішені (қолданба, виджет, 
қалта, т.б.) ашу және пайдалану үшін оны түртіңіз.
Жылдам өту пернелері – Ең жиі пайдаланылатын 
функцияларға оңай, бір рет түрту арқылы өтуге 
мүмкіндік береді.
Үй пернесі – негізгі экранға қайтарады (немесе негізгі экран кеңейтімі 
кенептерінің кез келгенінен әдепкі негізгі экран кенептеріне қайтарады). 
Google Now қызметін ашу үшін оны түртіп тұрыңыз.
Қос терезе түймесі – қос терезе режимін өзгерту 
үшін түртіңіз. Бұл экранды екіге бөлу арқылы әр түрлі 
қолданбаларды басқаруға мүмкіндік береді.