Zanussi ZEI56640XB Benutzerhandbuch

Seite von 56
баяу жыпылықтай бастаған кезде, уақыт
кері санала бастайды.
Қалған уақытты қарау үшін:пісіру алаңын
 арқылы орнатыңыз. Пісіру алаңының
индикаторы жылдам жыпылықтай
бастайды. Бейнебетте қалған уақыт
көрсетіледі.
Функцияны сөндіру үшін: пісіру алаңын
 арқылы орнатыңыз және   белгішесін
басыңыз. Қалған уақыт 00-ге дейін кері
саналады. Пісіру алаңының индикаторы
сөнеді.
Уақыт аяқталған кезде,
дыбыстық сигнал естіліп, 00
жыпылықтайды. Пісіру алаңы
сөндіріледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін: 
түймешігін басыңыз.
Таймер
Бұл функцияны пісіру алаңдары жұмыс
істемей, пеш іске қосылып тұрғанда Минут
операторы ретінде қолдануға болады
(бейнебетте   қызу параметрі
көрсетіледі).
Функцияны қосу үшін:   түймешігін
басыңыз. Уақытты орнату үшін таймердің
 немесе   түймешігін басыңыз. Уақыт
аяқталған кезде, дыбыстық сигнал естіліп, 
00 жыпылықтайды.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін: 
түймешігін басыңыз.
Бұл функция пісіру алаңдарының
жұмысына еш әсер етпейді.
Құлып
Басқару панелін пісіру алаңдары жұмыс
істеп тұрғанда бұғаттауға болады. Ол қызу
параметрінің кездейсоқ өзгеруіне жол
бермейді.
Әуелі қыздыру параметрін орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін:   белгішесін
басыңыз.   белгішесі 4 секунд
жанады.Таймер қосулы күйде қалады.
Функцияны сөндіру үшін:   түймешігін
басыңыз. Алдыңғы қызу параметрі жанады.
Пешті сөндірген кезде, осы
функция да сөнеді.
Бала қауіпсіздігінің құралы
Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ
қосылып кетуіне жол бермейді.
Функцияны қосу үшін: пештің үстін 
көмегімен іске қосыңыз. Қызу параметрін
орнатпаңыз.   белгішесін 4 секунд
басыңыз.   белгішесі жанады. Пештің
үстін   көмегімен сөндіріңіз.
Функцияны сөндіру үшін: пештің үстін 
көмегімен іске қосыңыз. Қызу параметрін
орнатпаңыз.   белгішесін 4 секунд
басыңыз.   белгішесі жанады. Пештің
үстін   көмегімен сөндіріңіз.
Функцияны бір пісіру циклы үшін қосу:
пештің үстін   көмегімен іске қосыңыз. 
белгішесі жанады.  белгішесін 4 секунд
басыңыз. Қызу параметрін 10 секунд
ішінде орнатыңыз. Пештің үстін іске
қосуға болады. Пештің үстін   көмегімен
сөндіргенде, функция қайта жұмыс істейді.
Қуатты басқару функциясы
• Пісіру алаңдары пештегі фаза санымен
және орналасқан орындарына қарай
топтастырылған. Суретке қараңыз.
• Әр фаза ең көбі 3700 Вт электр
жүктемесін көтере алады.
• Бұл функция бір фазаға қосылған пісіру
алаңдарының арасындағы қуат
мөлшерін бөледі.
• Бұл функция бір фазаға қосылған пісіру
алаңдарының жалпы электр жүктемесі
3700 Вт-тан артқанда іске қосылады.
• Бұл функция бір фазаға қосылған басқа
пісіру алаңдарының қуат мөлшерін
төмендетеді.
• Қуаты азайған алаңдардың қызу
параметрін көрсететін дисплейде екі
деңгей кезек-кезек көрсетіліп тұрады.
www.zanussi.com
9