Samsung CTR 264 KC 01/BWT Benutzerhandbuch

Seite von 96
Казақ - 8
-  Ашаны розеткадан ашаның өзінен ұстап суырыңыз. 
-  Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін. 
Құрылғы немесе қорек сымы бүлінген жағдайда, жақындағы қызмет көрсету 
орталығына хабарласыңыз. 
ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ 
АРНАЛҒАН ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ 
Құрылғы ұзақ уақыт қолданыста болмаса немесе найзағай жарқылдап, күн күркіреген 
кезде құрылғының ашасын розеткадан суырыңыз. 
-  Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ 
ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ 
Газ шығып кеткен кезде (мысалы, пропан, сұйылтылған газ т.с.с.) құрылғы ашасына 
қол тигізбей, бөлмені дереу желдетіңіз. Құрылғыға немесе оның қорек сымына қол 
тигізбеңіз.
-  Желдеткішті қолданбаңыз. 
-  Жарқыл шығып, жарылыс немесе өртке ұласуы мүмкін. 
Құрылғы іске қосылып тұрғанда қызып кетеді. Пеш үстінің ішкі қыздырғыш 
элементтеріне қол тиіп кетпес үшін абай болу керек. 
Байқаусызда күйіп қалмас үшін, тағамды пештің үстінен алар кезде ӘРҚАШАН пешке 
арналған қолғапты қолданыңыз.
ЕСКЕРТУ : Баланы тамақтандыратын шөлмектің және балалар тағамы салынған 
қалбырлардың ішіндегісін берер алдында араластыру немесе шайқау керек және күйіп 
қалмас үшін температурасын тексеру керек.
Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші немесе 
өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.
Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек
ЕСКЕРТУ : Балаларға пештің үстін дұрыс қолданбағанда қатерлі жағдайлардың орын 
алатындығын түсіндіріп, оларға тиісті нұсқаулар бергеннен кейін ғана пештің үстін 
ешкімнің қадағалауынсыз пайдалануға рұқсат етіңіз.
Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану 
тәжрибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға 
арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы 
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
ЕСКЕРТУ : Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қол жететін бөлшектері қызып тұруы мүмкін. 
Жас балалар күйіп қалмас үшін оларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ : Пештің үстінде сызат пайда болса, электр қатеріне ұшырамас үшін 
құрылғыны сөндіріп қойыңыз. Пештің үстін, оның шыны бетін ауыстырмайынша 
қолданбаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді металл заттарды пештің үстіне қоймаңыз, 
себебі олар ысып кетуі мүмкін. 
ЕСКЕРТУ : Электр қатеріне түсіп қалмас үшін, құрылғы шамын ауыстырар кезде оны 
электр желісінен ағытып алыңыз.
ЕСКЕРТУ 
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ 
CTR264KC01_BWT_DG68-00383A-05_KK.indd   8
2014-07-11     10:28:02