Samsung Индукционная панель NZ6000K с Flex Zone Plus Benutzerhandbuch

Seite von 128
24 Казақ
Та
залау және күтім көрсе
ту
Тазалау және күтім көрсету
Тазалау және күтім көрсету
Пештің үсті
ЕСКЕРТУ
Пештің қызып тұрған керамика бетіне жуғыш заттарды тигізбеу керек: Құрылғыны 
тазалап болғаннан кейін, жуғыш заттардың қалдығын суды қажетті мөлшерде қолдана 
отырып тазалау керек, себебі бұндай заттар пештің беті қызғанда оны жеміргіш келеді. 
Гриль немесе пеш бүріккіші, түрпілі жөке немесе түрпілі ыдыс тазалағыш тәрізді жеміргіш 
заттарды қолданбаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Пештің керамика бетін, пайдаланып болғаннан кейін, жылы тұрған кезінде тазалаңыз. 
Бұлай істегенде, пештің үстіне төгілген тағам қалдығы, қатып жабысып қалмайды. 
Пештің керамика бетін немесе тот баспайтын темір құрылғыларға арналып сатылатын 
жуғыш заттарды қолданып, ақтаңдақтарды, судан қалған жолақты, шашыраған май және 
металл дақтарды тазалаңыз.
Шамалы ластану
1.  Пештің керамика бетін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
2.  Таза шүберекпен құрғатыңыз. Пештің үстіне жуғыш заттың қалдығын қалдырмау 
керек.
3.  Пештің керамика бетін аптасына бір рет пештің керамика бетіне немесе тот 
баспайтын темір құрылғыларға арналып сатылатын жуғыш затпен жақсылап 
тазалау керек.
4.  Пештің керамика бетін таза суды қажетті мөлшерде қолданып тазалап, түгі 
шықпайтын шүберекпен жақсылап құрғатыңыз.
Қатты ластану
1.  Тасып төгілген және қатып қалған қоқысты, 
шыны қырғышпен тазалаңыз.
2.  Шыны қырғышты керамика бетке бұрыш 
жасай отырып ұстаңыз.
3.  Қоқысты қырғыштың жүзімен тазалаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Шыны қырғыштар мен керамика шыныны 
тазалағыштарды, арнайы бөлшек сауда 
орталықтарынан алуға болады.
NZ64K7757BK_WT_DG68-00791A-01_RU+UK+KK+UZ.indb   24
2017-02-06     3:07:30