Samsung ME83KRW-2 Benutzerhandbuch

Seite von 120
Казақ - 19
03  ПЕШТІ ПАЙДА
ЛАНУ
Казақ - 19
Код/Тағам
Үстелге тарту 
мөлшері 
Құраластар 
1-5
Мәскеу 
дәстүрімен 
балық пісіру 
270 г
(1)  Шампиньон - 30 г, алабұға қоң еті - 150 г, май - 5 г
(2) Қышқыл қаймақ - 30 г (2 х 15 г)
(3)  Дөңгелектеп туралған, пісірілген картоп - 2 дана, 
әрқайсысы 60-70 г, тұз - 5 г, ақ ұнтақ бұрыш - ½ г, 
үккіштен өткізілген ірімшік - 25 г
Нұсқаулар
Саңырауқұлақтарды табақтағы балықтың жанына салыңыз. Үстіне май 
тамызыңыз (1). Пісіре бастаңыз. Пештен сигнал естілген кезде қышқыл 
қаймақтың жартысын салыңыз керамика табаққа (ортасына) (2) салыңыз. 
Үстіне пісірілген саңырауқұлақтарды салыңыз. Оның үстіне балықты 
салыңыз. Дәм-татымын келтіріңіз. Айналасына балық пен туралған 
картопты салыңыз. Картоптың үстіне ірімшікті салыңыз (3).  
Пісіру үрдісін жалғастырыңыз. 
1-6
Кірпі 
220 г
(1)  Тартылған ет (сиыр және шошқа еті) - 120 г  
(үшке бөліңіз), пісірілген кәдімгі күріш - 40 г,  
тұз - 1 г, қара ұнтақ бұрыш - ½ г,  
ұзыншалап туралған пияз - 20 г, туралған 
сарымсақ - 3 г, тауық сорпасы немесе құрғақ 
концентрат қосылған су - 100 мл
(2)  Тұздыққа арналған қоспа: Бидай - 5 г,  
қызанақ езбесі - 10 г, су - 40 мл
Нұсқаулар
Күрішті тартылған етке қосыңыз. Дәмдеуіштер салып, қолыңызбен 
жақсылап араластырыңыз. Үш котлета жасаңыз. Пияз мен сарымсақты 
шара іспетті табаққа салыңыз. Котлеталарды осыған салып, үстіне 
сорпадан құйыңыз. Табақты пешке салыңыз.
(1)  Пісіре бастаңыз.  
Тұздыққа араластырылатын құраластардың барлығын дайындаңыз.
(2)  Тұмшапештен сигнал естілген кезде, котлеталар салынған еттің 
сорпасына құраластарды араластырыңыз.  
Аударыстырып, пісіруді жалғастырыңыз. 
Код/Тағам
Үстелге тарту 
мөлшері 
Құраластар 
1-7
Қара өрік 
қосылған 
тауық 
сирақтары 
325 г
2 дана.
Ұзыншалап туралған пияз - 15 г, ұзыншалап туралған 
сәбіз - 20 г, тауықтың сирақтары - 2 дана. (160-180 г),  
Қара өрік - 5-7 дана. (50 г), Тауық сорпасы немесе 
құрғақ концентрат қосылған су - 200 мл 
Нұсқаулар
Пияз мен сәбізді шара іспетті табаққа салыңыз. Тауық сирақтарын 
үстіне салыңыз да, қара өрікті салып, үстіне сорпа құйыңыз. Шараны 
микротолқынды пешке салыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал 
естіле сала аударыңыз да, пісіруді жалғастырыңыз. 
1-8
Қыша соусы 
қосылған 
шошқаның 
мойыны
250 г
(1)  Шошқаның мойыны - 150 г, үккіштен өткізілген 
сәбіз - 20 г, ұзыншалап туралған пияз - 20 г,  
тауық сорпасы немесе құрғақ концентрат 
қосылған су - 100 мл
(2)  Тұздыққа арналған қоспа: Бидай - 5 г, дижон 
қышасы - 20 г, қышқыл қаймақ - 30 г, су - 50 мл
Нұсқаулар
Етті ұзыншалап турап, көкөністерді дайындаңыз да, тауық сорпасын(1) 
қосыңыз. Шара іспетті табаққа салыңыз. Жақсылап араластырыңыз 
да, пісіре бастаңыз. Тұздыққа(2) қосылатын құраластардың барлығын 
дайындаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, еті бар сорпаға 
құраластарды салып араластырыңыз да, жалғастырып пісіріңіз. 
1-9
Картоп 
пісірмесі
140-180 г
1-2 дана 
Ірі картоп - 160-200 г (1-2 дана) 
Нұсқаулар
Картоптарды жуып, қабығын шанышқымен тесіңіз. Микротолқынды 
пешке салыңыз. Пісіре бастаңыз. Үстелге тарту үшін кесіңіз. Үстелге 
тартар алдында сары май немесе қышқыл қаймақ немесе ірімшік не т.с.с. 
қосыңыз. 
(жалғасы)
ME83K_ME83_ME83A_BWT_DE68-04285A-02_KK.indd   19
2014-07-11     5:35:07