Samsung T22D390EW Benutzerhandbuch

Seite von 90
Қабырғалық аспа жинақты орнату
Қабырғалық аспа жинағын орнату
Қабырғалық аспа жинақ (бөлек сатылады) теледидарды қабырғаға орнатуға мүмкіндік береді.
Қабырғалық аспа жинақты орнату туралы толық ақпаратты, қабырғалық аспа жинақтың нұсқаулығынан оқи 
аласыз. Қабырғаға орнатылатын құрсауды орнына қондыру үшін техник маманға хабарласыңыз. Өз бетіңізбен 
істеуге кеңес бермейміз. 
Samsung Electronics компаниясы құрылғыны дұрыс орнатпаудың нәтижесінде жарақаттансаңыз не басқа 
адамдар зардап шексе немесе мүлікке нұқсан келсе, бұндай жағдайлар үшін жауапкер емес.
Қабырғалық аспа жинақ параметрлері (VESA)
 
Қабырғалық аспа жинақ теледидармен бірге жеткізілмейді, бірақ жеке сатылады.
Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Басқа құрылыс 
материалдарына орнату үшін, жақын жердегі дилерге хабарласыңыз. Төбеге немесе қисық қабырғаға орнатса 
құлап, адам қатты жарақат алуы мүмкін.
 
ЕСКЕРІМ
 
Қабырғалық аспа жинақтың стандартты өлшемдері төмендегі кестеде көрсетілген.
 
Қабырғалық аспа жинақ сатып аларда, оны орнатуға қатысты толық нұсқаулық пен керек - жарақтар 
беріледі.
 
VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз.
 
Стандартты өлшемнен ұзын немесе VESA бұрандалар стандартына сай келмейтін бұрандаларды 
қолданбаңыз. Тым ұзын бұрандалар теледидардың ішкі бөлшектеріне зиян келтіруі мүмкін.
 
VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін қабырғалық аспа жинақ қолданылса, 
бұрандаларының ұзындықтары қабырғалық аспа жинақ спецификациясына байланысты басқаша 
болуы мүмкін.
 
Бұрандаларды тым қатайтпаңыз; себебі өнімге нұқсан келуі немесе құлап қалып, адамды жарақаттауы 
мүмкін. Samsung бұндай қатерлі оқиғалар үшін жауапкершілік көтермейді.
 
VESA стандартына сай емес немесе өндіруші ұсынбаған қабырғалық аспа жинақ қолданылса немесе 
сатып алушы өнімді орнату туралы нұсқауларды орындамағандықтан өнімге зақым келсе немесе адам 
жарақат алса, Samsung компаниясы жауапкершілік көтермейді.
 
Теледидарды 15 градустан асыра қисайтпаңыз.
Өнім тобы
дюйм
VESA стан. (A * B)
Стандартты 
бұранда
Саны
MFM
(TD390 TD391)
21,5
23,6
27
75 X 75
M4
4
Қабырғалық аспа жинақт  ы теледидар қосулы тұрғанда орнатпаңыз. Себебі электр тоғы 
соғып, адам жарақат алуы мүмкін.
Казақ - 82
Казақ - 83
Басқа ақпараттар