Samsung AQ24EWEN Benutzerhandbuch

Seite von 40
20
Ақаулықтарды жою
Егер ауа кондиционері дұрыс жұмыс істемесе, төмендегі кестені қараңыз. Бұл уақытыңызды үнемдейді және 
қажетсіз шығындамайды.
АҚАУЛЫҚ
ШЕШІМІ
Ауа кондиционері 
жұмыс істемейді.
• Қуат күйін тексеріп, одан кейін ауа кондиционерін қайта іске қосыңыз.
•  Ашаны немесе автоматты ажыратқышты қосып, одан кейін ауа кондиционерін 
қайтадан қосыңыз.
•  Өшіру таймерін орнатып, орнатпағаныңызды тексеріңіз. Ауа кондиционерін 
Power (Қуат) түймешігін басу арқылы іске қосыңыз.
Температураны реттеу 
жұмыс істемейді.
•  Fan (Желдеткіш)/Turbo (Турбо) режимін таңдағаныңызды тексеріңіз. Бұл 
режимдерде, қажетті температура автоматты түрде орнатылады, сондықтан 
температураны реттеу мүмкін болмайды.
Ауа кондиционерінен 
салқын немесе жылы 
ауа шықпайды.
•  Орнатылған температура ағымдағы температурадан жоғары (Cool (Салқындату) 
режимінде)/төмен (Heat (Жылыту) режимінде) екенін тексеріңіз. Орнатылған 
температураны өзгерту үшін қашықтан басқару пультіндегі 
Temp (Температура) 
+ немесе –  түймешігін басыңыз.
•  Ауа сүзгісі кірден қорғалғанын тексеріңіз. Егер ауа сүзгісінде шаң көп жиналған 
болса, салқындату (жылыту) өнімділігі төмендеуі мүмкін. Оларды жиі тазалаңыз.
•  Сыртқы блок жабылғанын немесе тосқауылдың жанына орнатылғанын 
тексеріңіз. Қақпақты ашып, тосқауылды алып тастаңыз.
•  Егер ауа кондиционерін күн көзінде жұмыс істегенін қаласаңыз, сыртқы блокты 
перде немесе басқа затпен жауып қойыңыз.
•  Ауа кондиционері Мұзды жою режимінде жұмыс істегенін тексеріңіз. Мұз қыс 
мезгілінде немесе сыртқы температура тым төмен болған кезде пайда болса, 
ауа кондиционері Мұзды жою режимінде автоматты түрде жұмыс істейді. Мұзды 
жою режимінде ішкі желдеткіш тоқтайды және салқын ауа соқпайды. 
•  Егер есіктер немесе терезелер ашық болса, ол салқындату (жылыту) өнімділігін 
төмендетеді.  
Есіктер мен терезелерді жабыңыз.
•  Ауа кондиционері салқындату (жылыту) жұмысын тоқтатқаннан кейін ғана 
қосылғанын тексеріңіз. Бұл жағдайда, сыртқы блоктың компрессорын қорғау 
үшін тек желдеткіш жұмыс істейді.
•  Түтік тым ұзын емес екендігін тексеріңіз. Түтік рұқсат етілген түтік ұзындығынан асып 
кетсе, салқындату (жылыту) өнімділігі төмендеуі мүмкін.
Ауа ағынын реттеу 
жұмыс істемейді.
•  Auto (Авто)/Dry (Құрғату)/
 режимін таңдағаныңызды тексеріңіз. Бұл 
режимдерде, қажетті температура автоматты түрде орнатылады, сондықтан 
температураны реттеу мүмкін болмайды.
Желдеткіш 
жылдамдығын реттеу 
жұмыс істемейді.
•  Auto (Авто)/Dry (Құрғату)/Turbo (Турбо)/
 режимін таңдағаныңызды 
тексеріңіз. Бұл режимдерде, желдеткіш жылдамдығы автоматты түрде 
орнатылады, сондықтан желдеткіш жылдамдығын реттеу мүмкін болмайды.
Қашықтан басқару 
пульті жұмыс 
істемейді.
• Батареялардың заряды біткенін тексеріңіз.
• Қашықтан басқару пульті еш нәрсе бөгелмегенін тексеріңіз.
•  Ауа кондиционердің жанында қатты жарық беретін құрылғы жоқ екенін 
тексеріңіз. Флюоресцентті шамнан немесе неондық шамнан түсетін қатты жарық 
электромагниттік толқындарға кедергі келтіреді.
Таймер функциясы 
орнатылмайды.
•  Уақытты орнатқаннан кейін қашықтан басқару пультіндегі 
Set/Cancel (Орнату/
Болдырмау) түймешігін басқаныңызды тексеріңіз.
CIS_AQ09E@_IBIM_31246A_KK.indd   20
2013-5-29   11:08:44