Samsung AQ24EWEN Benutzerhandbuch

Seite von 40
30
Ішкі блоктың құрастыру түтігін орнату және жалғау
1.  Түтікті артқы жақтан тікелей жалғамасаңыз, ішкі құрылғының 
артқы жағындағы тиісті қағып шығарылатын бөлшекті (A, B, 
C) кесіп алыңыз.     
2.  Кесілген шеттерін тегістеңіз.
3.  Түтіктердің қорғаныс қалпақтарын алыңыз да, құрастыру 
түтігін әр түтікке жалғаңыз. Сомындарды әуелі қолмен 
бұраңыз, содан кейін төмендегі бұрау сәтін пайдаланып, 
динамометриялық кілтпен қатайтыңыз: 
4.  Қалған оқшаулағыш көбікті кесіп тастаңыз. 
5.  Егер қажет болса, түтікті ішкі құрылғының түбіне дәлдеп иіңіз.  
Содан кейін оны тиісті тесіктен тартып өткізіңіз.
 
 Түтік ішкі құрылғының артқы жағынан шығып тұрмауға тиіс.
 
 Иілу радиусы 100 мм немесе одан көп болуға тиіс.  
6.  Түтікті қабырғадағы тесік арқылы өткізіңіз. 
7.  Сыртқы құрылғыны жалғау мен ауаны шығару бойынша толық мәліметті 34~36 беттен қараңыз. 
Ішкі блок пен сыртқы блокты зауыттан келген мыс түтіктердің көмегімен конустық қосылымдар арқылы 
жалғаңыз. Май мен тотықтан тазартылған, кем дегенде 4200 Кпа жұмыстық қысымға және кем дегенде 20700 
Кпа жарылғыш қысымға жарамды, оқшауландырылған жіксіз салқындатқыш градус түтігін (Cu DHP тұрпатты, 
ISO1337 стандартына сәйкес) ғана пайдаланыңыз. Ешқандай жағдайда санитарлық-техникалық мыс түтікті 
пайдалануға болмайды. 
Диаметрі әр түрлі 2 салқындатқыш түтік бар:
  •  Кішірек түтік сұйық салқындатқыш затқа арналған
  •  Үлкенірек түтік сұйық салқындатқыш затқа арналған
Қысқа түтік ауа кондиционеріне бұрыннан бекітілген. Құрастыру 
түтігінің көмегімен түтікті ұзарту керек болуы мүмкін (қосымша).
Салқындатқыш зат түтігін жалғау тәртібі қабырғаға қарап 
тұрғандағы түтіктің бұрынғы орнына сәйкес әр түрлі болады:
  •  Оң жақ (A)
  • Сол жақ (B)
  •  Астыңғы жақ (C)
  •  Артқы жақ
B
A
C
Сыртқы диаметрі
Бұрау сәті 
(кгк•см)
ø6,35 мм
140~170
ø9,52 мм
250~280
ø12,70 мм
380~420
ø15,88 мм
440~480
ø19,05 мм
990~1210
ø22,23 мм
990~1210
•  Егер түтіктерді қысқартқыңыз немесе ұзартқыңыз келсе, 31~32 бетті қараңыз.
•   Конустық сомынды көрсетілген әдіске сәйкес динамометриялық кілтпен қатайтып бұраңыз. 
Егер конустық сомын тым қатты бұралса, ол сынып кетіп, салқындатқыш газдың жылыстауына себеп 
болуы мүмкін.
•   ТҮТІК ҚОСЫЛЫМЫН ҚАБЫРҒАНЫҢ ІШІНЕ ҚАЛАУҒА БОЛМАЙДЫ! 
Салқындатқыш түтіктің барлық қосылымдарына оңай қол жеткізіп, техникалық қызмет көрсетіле 
алатындай болуға тиіс.
•   Орнату және газ жылыстауын тексеру аяқталғаннан кейін түтікті оқшаулап, орнына біржола бекіту 
қажет; толық мәліметті 37-беттен қараңыз.
ЕСКЕРІМ
ЕСКЕРІМ
САҚТЫҚ
CIS_AQ09E@_IBIM_31246A_KK.indd   30
2013-5-29   11:08:49