Samsung WB380F Benutzerhandbuch

Seite von 168
Файлдарды жіберу үшін Samsung Link пайдалану
Сымсыз желі
  132
•  
Ортақтасу қажет фотосуреттер немесе бейнелер санына қарай 
фотосуреттерді немесе бейнелерді жүктеп, бастапқы орнату үдерісін 
аяқтау белгілі бір уақыт алуы мүмкін.
•  
Samsung Link құрылғысында фотосуреттерді немесе бейнелерді қараған 
кезде құрылғының қашықтан басқару пультін үздіксіз пайдалану немесе 
құрылғыда қосымша әрекеттерді орындау бұл мүмкіндіктің дұрыс 
істеуін бөгеуі мүмкін.
•  
Егер файлдарды Samsung Link құрылғысында қараған кезде оларды 
камерада қайта реттесеңіз немесе сұрыптасаңыз, құрылғыда файлдар 
тізімін жаңарту үшін бастапқы орнату үдерісін қайталау керек.
•  
Камера жадында файлдар болмаған кезде бұл мүмкіндікті пайдалану 
мүмкін емес. 
•  
Samsung Link құрылғысын қатынас нүктесіне жалғау үшін желі кабелін 
пайдаланған жөн. Бұл мазмұн ағынында орын алуы мүмкін бейненің 
тұтығуын азайтады.
•  
Маңайдағы құрылғылар мүмкіндігі арқылы Samsung Link 
құрылғысында файлдарды қарау үшін қатынас нүктесінде топтық тарату 
режимін қосыңыз.
•  
1.000 дейін соңғы файлды ортақтасуға болады.
•  
Samsung Link құрылғысында тек камерамен түсірілген фотосуреттерді 
немесе бейнелерді қарауға болады.
•  
Камера және Samsung Link құрылғысы арасындағы сымсыз қосылым 
ауқымы қатынас нүктесінің техникалық сипаттарына қарай әрі түрлі 
болуы мүмкін.
•  
Егер камера 2 Samsung Link құрылғысына жалғанған болса, ойнату 
баяулау болуы мүмкін.
•  
Фотосуреттер немесе бейнелер бастапқы өлшемдерінде 
ортақтастырылады.
•  
Бұл мүмкіндікті тек Samsung Link қолдауы бар құрылғылармен 
пайдалануға болады.
•  
Ортақтасқан фотосуреттер немесе бейнелер Samsung Link 
құрылғысында сақталмайды, бірақ құрылғының техникалық 
сипаттарына сәйкес оларды камераға сақтауға болады.
•  
Фотосуреттерді немесе бейнелерді Samsung Link құрылғысына 
тасымалдау желі қосылымына, ортақтасатын файлдар санына немесе 
файлдардың өлшеміне қарай белгілі бір уақыт алуы мүмкін.
•  
Егер Samsung Link құрылғысында фотосуреттерді немесе бейнелерді 
қараған кезде камераны қалыптан тыс өшірсеңіз (мысалы, батареяны 
алып тастап), құрылғы камераны қосу қажет деп есептейді.
•  
Камерадағы фотосуреттердің немесе бейнелердің реті Samsung Link 
құрылғысынан өзгеше болуы мүмкін.