Philips 65PFS6659/12 User Manual

Page of 109
12
Таймерлер мен сағат
12.1
Ұйқы таймері
Ұйқы таймерінің көмегімен теледидарды белгіленген уақыт
өткенде күту режиміне автоматты түрде өтетін етіп
реттеуге болады.
Ұйқы таймерін орнату...
1 - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
2 - 
TV settings (Теледидар параметрлері) > General settings
(Жалпы параметрлері) > Sleep timer (Ұйқы таймері)
тармағын таңдаңыз.
Жүгірткі жолағының көмегімен уақытта 5 минуттық артумен
180 минутқа дейін орнатуға болады. Егер 
0
минутқа орнатсаңыз, ұйқы таймері өшіріледі. Әрқашан кері
санақ кезінде теледидарды ертерек өшіруге болады немесе
уақытты ысыруға болады.
3 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз.
12.2
Сағат
Уақытты білу үшін 
 TV GUIDE түймесін басып,
телебағдарламалар кестесінен уақытты табуға болады.
Кейбір елдерде, сандық телехабар таратушылар UTC жалпы
координацияланған уақыт туралы ақпарат жібермейді.
Жаздық уақыт өзгерістері еленбей, уақыт қате көрсетілуі
мүмкін.
Теледидардың сағатын түзету...
1 - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
2 - 
TV settings (ТД параметрлері) > General settings (Жалпы
параметрлер) > 
Clock (Сағат) > Auto clock mode
(Автоматты сағат режимі), тармағын таңдап, Country
dependent (Елге байланысты) тармағын таңдаңыз.
3 - 
Жазғы уақыт тармағын, одан кейін тиісті параметрді
таңдаңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз. 
ТД сағатын қолмен орнату...
1 - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
2 - 
TV settings (ТД параметрлері) > General settings (Жалпы
параметрлер) > 
Clock (Сағат) >Auto clock mode
(Автоматты сағат режимі), тармағын таңдап, Manual
(Қолмен) тармағын таңдаңыз.
3 - Реттеу үшін 
Date (Күн) және Time (Уақыт) тармағын
таңдаңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз.
12.3
Өшіру таймері
4 сағат ішінде қашықтан басқару құралында бірде бір перне
басылмаса немесе теледидар 10 минут бойы кіріс сигналын
қабылдамаса, теледидар қуат үнемдеу үшін автоматты түрде
өшеді.
Теледидарды монитор ретінде пайдаланып немесе
теледидарды көру үшін сандық ресиверді (теледидардың
абоненттік қосымшасы (STB)) қолданып, теледидардың
қашықтан басқару құралын қолданбасаңыз, автоматты өшіру
мүмкіндігін ажыратыңыз.
Switch off timer (Өшіру таймері) функциясын өшіру...
1 - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
2 - 
TV settings (Теледидар параметрлері) > General settings
(Жалпы параметрлер) > Switch off timer (Өшіру таймері)
тармағын таңдап, жүгірткіні 
Off (Өшіру) күйіне орнатыңыз.
3 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз. 
Қоршаған ортаға зиянды емес теледидар параметрлері
туралы қосымша ақпарат алу үшін 
 Keywords түймесін
басып, 
Eco settings (Эко параметрлері) деп іздеңіз.
48