Philips 65PFS6659/12 User Manual

Page of 109
15
Фотосуреттер,
бейнелер және музыка
15.1
USB қосылымынан немесе
желілік компьютерден
Не қажет
Жалғанған USB флеш жадынан немесе USB қатты дискісінен
фотосуреттерді көруге немесе музыка мен бейнелерді
ойнатуға болады. Егер үй желісінде компьютер болса,
компьютердегі файлдарды теледидарда көруге және
ойнатуға болады.
USB құрылғысынан
 
 
Теледидар қосылып тұрғанда USB флеш жадын немесе USB
қатты дискісін USB байланыстарының біреуіне қосыңыз.
Теледидар құрылғыны анықтайды және файлдарды тізеді.
Егер тізім автоматты түрде пайда болмаса, 
 SOURCES
түймесін басып, 
Browse USB (USB шолу) пәрменін таңдап, 
OK түймесін басыңыз.
Ескерту
 
 
USB қатты жалғанған күйде бағдарламаны кідірту немесе
жазу әрекетін жасасаңыз, Теледидар USB қатты дискісін
пішімдеуді сұрайды. Бұл пішімдеу USB қатты дискісіндегі
бүкіл ағымдағы файлдарды жояды.
Компьютерден
 
 
Теледидар мен компьютер бір желіде болса, теледидар
компьютерде сақталған файлдарды шола және ойната алады.
Файлдарды теледидармен ортақ пайдалану үшін
компьютерде Twonky™ сияқты мультимедиа сервер
бағдарламасын орнату керек. Теледидар файлдар мен
қалталарды компьютерде реттелген түрде көрсетеді.
Компьютердегі файлдарды шолу үшін 
 SOURCES түймесін
басып,  
Browse network (Желіні шолу) пәрменін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
Мәзір жолағы және сұрыптау
USB құрылғысы қосылып тұрғанда Теледидар файлдарды түрі
бойынша сұрыптайды. Мәзір жолағына өтіп, іздеген файл
түрін таңдаңыз.
Егер компьютердегі файлдарды шолсаңыз, файлдарды және
қалталарды тек компьютерде реттелгендей түрде шолуға
болады.
Мәзір жолағы
 
 
Мәзір жолағына өтіп, көретін немесе ойнатылатын файл
түрін таңдаңыз.
 Photos (Фотосуреттер),  Music (Музыка) немесе 
 Videos (Бейнелер) тармағын таңдаңыз. Бұған қосымша, 
 Folders (Қалталар) көрінісін ашып, файлды іздеу үшін
қалталарды шолуға болады.
Сұрыптау
 
 
Фотосуреттерді күні, айы, жылы немесе атымен әліпбилік
ретпен шолу үшін 
 Sort (Сұрыптау) түймесін басыңыз.
Музыканы альбом, жанр немесе атымен әліпбилік ретпен
шолу үшін 
 Sort (Сұрыптау) түймесін басыңыз.
Бейнелер алфавиттік ретпен сұрыпталады.
Фото көру
Фотосуреттерді көру үшін мәзір жолағынан 
 Photos
(Фотосуреттер) тармағын, кейін фотосурет нобайын
таңдап, 
OK түймесін басыңыз.
Егер бір қалтада бірнеше фотосурет бар болса, фотосуретті
таңдаңыз, одан кейін осы қалтадағы бүкіл фотосуреттердің
слайд көрсетілімін бастау үшін 
 Slide show (Слайд
көрсетілімі) параметрін таңдаңыз.
Келесі немесе алдыңғы фотосуретке өту
үшін 
 + немесе  - түймесін басыңыз.
Слайд көрсетілімін тоқтату немесе фотосуретті жабу
үшін 
 LIST немесе  (Тоқтату) түймесін басыңыз.
Музыканы слайд көрсетілімімен бірге ойнатуға болады.
Музыканы бастағаннан кейін слайд көрсетілімін бастаңыз.
1 - Әнді немесе әндер бар қалтаны таңдап, OK пернесін
басыңыз.
2 - 
 LIST түймесін басып,  Photos (Фотосуреттер)
тармағын таңдаңыз.
3 - Фотосуретті немесе фотосуреттер бар қалтаны
таңдап, 
 Slide show (Слайд көрсетілімі) параметрін
басыңыз.
Ақпарат
 
 
Фотосурет туралы ақпаратты (өлшемі, жасалған күні, файл
жолы, т.б.) көру үшін фотосуретті таңдап, 
 INFO түймесін
басыңыз.
Ақпаратты жасыру үшін қайтадан басыңыз.
Опциялар
 
 
 OPTIONS түймесін басыңыз.
53