Philips 65PFS6659/12 User Manual

Page of 109
3
Желі
3.1
Сымсыз желі
Не қажет
Теледидарды Интернетке сымсыз қосу үшін, сымсыз
маршрутизатор қажет. Жоғары жылдамдықты (кең жолақты)
Интернет байланысын пайдаланыңыз.
 
Желілік құрылғылар
 
 
Теледидар сымсыз желідегі компьютер немесе смартфон
сияқты басқа құрылғыларға қосыла алады. Компьютерді
Microsoft Windows немесе Apple OS X жүйесімен бірге
пайдалануға болады.
Файлды бөлісу
 
 
Бұл теледидарда компьютерде сақталған фотосуреттерді,
музыканы және бейнелерді ашуға болады. Philips
MediaManager*, Windows Media Player 11, Twonky™ немесе
сол сияқты медиа сервер бағдарламасының соңғы нұсқасын
пайдаланыңыз.
Медиа сервер бағдарламасын компьютерге орнатыңыз және
оны мультимедиалық файлдарды теледидармен бөлісуге
реттеңіз. Қосымша ақпаратты алу үшін медиа сервер
бағдарламасының нұсқаулығын оқып шығыңыз. Файлдарды
теледидарда көру немесе ойнату үшін бұл бағдарлама
компьютерде орнатылған болуы керек.
* Philips MediaManager бағдарламасын Philips қолдау көрсету
сайтынан жүктеуге болады: 
Байланыс орнату
1 - 5-ші қадамдарды орындаңыз.
1-қадам - Сымсыз желі маршрутизаторының қосылып
тұрғанын тексеріңіз. 
2-қадам - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді орнату)
пәрменін таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
3-қадам - Connect to network (Желіге қосылу) пәрменін
таңдап, 
OK түймесін басыңыз.
4-қадам - Connect (Қосылу) пәрменін таңдап, OK түймесін
басыңыз.
5-қадам - Wireless (Сымсыз желі) параметрін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
6-қадам - Сымсыз желіні іздеу үшін Scan (Іздеу) пәрменін
таңдаңыз. Егер сізде WPS (Wi-Fi Protected Setup)
функциясын қолдайтын маршрутизатор болса, 
WPS
параметрін таңдауға болады. Қажет параметрді таңдап, 
OK
түймесін басыңыз.
• 
Сканерлеу
Сымсыз желіні (сымсыз маршрутизаторыңыз) тексеру үшін, 
Тексеру опциясын таңдаңыз. Теледидар жақын аймақтағы
бірнеше сымсыз желіні табуы мүмкін.
• 
WPS
Маршрутизаторда WPS болса, маршрутизаторға іздеусіз
тікелей қосылуға болады. Маршрутизаторға өтіп, WPS
түймесін басыңыз және 2 минут ішінде теледидарға
оралыңыз. Қосылымды орнату үшін 
Connect (Қосылу)
түймесін басыңыз.
WEP қауіпсіздік шифрлау жүйесін пайдаланатын сымсыз
желідегі құрылғыларыңыз болса, WPS интерфейсін пайдалана
алмайсыз.
Қосылу үшін 
WPS PIN code (WPS PIN коды) пайдалану
керек болса, WPS орнына 
Scan (Іздеу) пәрменін таңдаңыз. 
7-қадам - табылған желілер тізімінде сымсыз желіні таңдап, 
OK түймесін басыңыз.
Желі атауы жасырын болғандықтан желі тізімде болмаса
(маршрутизатордың SSID таратылымын өшіріп қойғансыз),
желі атауын өзіңіз енгізу үшін, 
Қолмен енгізу тармағын
таңдаңыз.
8-қадам - Маршрутизатордың түріне байланысты енді
шифрлау кілтін (WEP, WPA немесе WPA2) енгізуге болады.
Егер осы желі үшін шифрлау кілтін бұрын енгізген болсаңыз,
қосылымды бірден орнату үшін 
Next (Келесі) пәрменін
таңдауға болады.
Егер маршрутизатор WPS немесе WPS PIN кодын қолдаса, 
WPS, WPS PIN немесе Standard (Стандартты) опциясын
таңдауға болады. Қажет параметрді таңдап, 
OK түймесін
басыңыз.
• 
Стандартты
Шифрлау кілтін (құпиясөз, құпия тіркес немесе қауіпсіздік
кілті) қолмен енгізу үшін, 
Standard (Стандартты) опциясын
таңдаңыз. Шифрлау кілтін енгізу үшін қашықтан басқару
құралындағы пернетақтаны пайдалануға болады. Кілтті
енгізгеннен кейін 
Connect (Қосылу) түймесін басыңыз.
• 
WPS PIN коды
PIN кодымен қорғалған WPS қосылымын орнату үшін 
WPS
PIN тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Көрсетілген 8
сандық PIN кодын жазып, оны компьютердегі
маршрутизатордың бағдарламалық құралына енгізіңіз.
Теледидарға оралып, 
Connect (Қосылу) түймесін басыңыз.
Маршрутизатордың бағдарламалық құралында PIN коды
енгізілетін жерді маршрутизатор нұсқаулығынан қараңыз. 
9-қадам - Қосылым сәтті орнатылса, хабар көрсетіледі.
9