Philips 65PFS6659/12 User Manual

Page of 109
23
Бағдарламалық құрал
23.1
Бағдарламалық құралды жаңарту
USB арқылы жаңарту
Теледидардың бағдарламалық құралын жаңарту қажет болуы
мүмкін. Бағдарламалық құралды теледидарға жүктеу үшін,
жылдамдығы жоғары Интернет байланысы бар компьютер
және USB жад құрылғысы керек болады. 256 Mбайт бос
орны бар USB жад құрылғысын пайдаланыңыз. Жазу
қорғауының ажыратылғанын тексеріңіз.
1 - 
Теледидарда жаңартуды бастау
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді орнату) тармағын
таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
Update software (Бағдарламалық құралды
жаңарту) > USB тармағын таңдап, OK пернесін басыңыз.
2 - 
Теледидарды анықтау
USB жадын теледидардың USB қосылымдарының біреуіне
қосыңыз.
Start (Бастау) пәрменін таңдап, OK пернесін басыңыз.
Анықтау файлы USB жад құрылғысына жазылады.
3 - 
Теледидар бағдарламалық құралын жүктеу
Компьютерге USB жадын қосыңыз.
USB жад құрылғысынан 
update.htm файлын тауып, екі рет
басыңыз.
Send ID (Идентификаторды жіберу) пәрменін басыңыз.
Егер жаңа бағдарламалық құрал қол жетімді болса, .zip
файлын жүктеңіз.
Жүктегеннен кейін файлды мұрағаттан
шығарып, 
autorun.upg файлын USB жад құрылғысына
көшіріңіз. 
Бұл файлды қалтаға орналастырмаңыз.
4 - 
Теледидардың бағдарламалық құралын жаңарту
USB жадын теледидарға қайта қосыңыз. Жаңарту автоматты
түрде басталады. 
Теледидар 10 секундтан кейін өшіп, қайтадан қосылады.
Күте тұрыңыз. 
Мыналарды істеуге болмайды:
• қашықтан басқару құралын пайдалану
• USB жад құрылғысын теледидардан шығару 
Егер жаңарту кезінде электр жарығы өшіп қалса, USB
құрылғысын теледидардан ажыратпаңыз. Электр жарығы
қайта жанғанда, жаңарту жалғасады.
Жаңарту аяқталғанда экранда 
Operation successful (Әрекетті
сәтті аяқталды) хабары пайда болады. USB жад құрылғысын
алып, қашықтан басқару құралындағы 
 түймесін басыңыз.
Мыналарды істеуге болмайды:
• 
 түймесін екі рет басыңыз
• теледидардағы қуат қосқышын басыңыз
Теледидар өшіп (10 секунд), қайта қосылады. Күте тұрыңыз. 
Теледидар бағдарламалық құралы жаңартылды. Теледидарды
қайта пайдалануға болады.
Теледидар бағдарламалық құралының кездейсоқ
жаңартылуын болдырмау үшін, autorun.upg файлын USB
құрылғысынан жойыңыз.
Интернет арқылы жаңарту
Теледидар интернетке қосылған болса, TP Vision
компаниясынан теледидардың бағдарламалық құралын
жаңарту туралы хабар келуі мүмкін. Жылдамдығы жоғары
(кең жолақты) Интернет байланысы керек болады.
Осы хабарды алсаңыз, жаңартуды орындау ұсынылады.
Update (Жаңарту) пәрменін таңдаңыз. Экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Сондай-ақ, жаңа жаңартуларды өзіңіз іздеп көруіңізге
болады.
Жаңартуды іздеу үшін . . .
1 - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
2 - 
Update software (Бағдарламалық құралды жаңарту) > TV
with Internet (Интернет бар ТД) тармағын таңдап, OK
түймесін басыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 
Жаңарту аяқталғаннан кейін теледидар автоматты түрде
өшіп, қайтадан қосылады.
Теледидардың қайтадан қосылуын күтіңіз.
23.2
Бағдарламалық құрал нұсқасы
Теледидардың бағдарламалық құралының ағымдағы нұсқасын
көру...
1 - 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
2 - 
Software settings (Бағдарламалық құрал
параметрлері) тармағын таңдап, OK пернесін басыңыз.
3 - 
Current software info (Ағымдағы бағдарламалық құрал
туралы ақпарат) тармағын таңдап, Release Version
(Шығарылым нұсқасы) тармағын қараңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз.
23.3
Бастапқы коды ашық
бағдарламалық құрал
Бұл теледидарда бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал
бар. TP Vision Europe B.V. компаниясы осымен сұрау
бойынша тиісті лицензиялар арқылы осындай ұсыныс сұралса,
бұл өнімде қолданылған, авторлық құқықпен қорғалған
92