Philips CMD305A/05 User Manual

Page of 34
2
KK
1  Маңызды 
ақпарат
Қауіпсіздік
Құрылғыны қолданар алдында барлық
нұсқауларды оқып, түсініп алыңыз. Егер
нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе,
кепілдік қолданылмайды.
•  Өнімге жасалған модификация зиянды
радиацияның шығуын немесе қауіпсіз
жұмысты тудыруы мүмкін.
•  Құрылғы жерге қосылатын теріс 12 В
тұрақты токпен жұмыс істеуге ғана
арналған.
•  Жол апаттарының қаупін азайту үшін
көлік жүргізіп келе жатқанда қоңырауға
жауап бермеңіз не қоңырау шалмаңыз
немесе бейне көрмеңіз.
•  Көлікті қауіпсіз жүргізу үшін қауіпсіз әрі
қолайлы дыбыс деңгейіне дұрыстап
қойыңыз.
•  Сәйкес келмейтін сақтандырғыштар
зақымдауы немесе өрт шығаруы мүмкін.
Сақтандырғышты ауыстыру керек
болғанда, маманға хабарласыңыз.
•  Use only the supplied mounting hardware
for a safe and secure installation.
•  Қысқа тұйықталуға жол бермеу
үшін құрылғыны жаңбырға не суға
шығармаңыз.
•  Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы
немесе шашырамауы тиіс.
•  Құрылғының үстіне қандай да бір қауіп
көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
•  Ешқашан құрылғының желдеткіш
саңылауларына немесе басқа тесіктеріне
ештеңе салмаңыз.
•  Құрылғыны жұмсақ дымқыл шүберекпен
тазалаңыз. Ешқашан алкоголь, химиялық
заттар немесе тұрмыстық тазалағыштар
сияқты заттарды құрылғыға
пайдаланбаңыз.
•  Қондырма Android ұялы телефондарына
ғана арналған. Басқа құрылғыны оған
жалғамаңыз.
•  Қондырма ұстауышын зақымдау қаупі
бар: оған басқа зат қоймаңыз немесе
ілмеңіз.
•  Өрт шығу немесе көліктің аудио
жүйесіне зақым келу қаупі бар: қондырма
ұстауышының бөліміне басқа заттар
қоймаңыз.
•  Телефоныңызды зақымдау қаупі бар:
қондырма ұстауышын сақтардың
алдында Android ұялы телефоныңызды
қондырмадан алыңыз.