LG V490 Operating Guide

Page of 492
33
Планшетті ояту үшін 
Қуат/Құлыптау пернесін   басыңыз. Құлыптаулы 
экран көрсетіледі. Негізгі экранның құлпын ашу үшін экран құлпын түртіп, 
кез келген бағытта сүйреңіз. Соңғы көрсетілген экран ашылады.
KnockON функциясының көмегімен экранды қосу
KnockON функциясы экранды оңай қосу не өшіру үшін оны екі рет 
түртуге мүмкіндік береді. 
• Экранды қосу үшін экранның ортасын екі рет 
жылдам түртіңіз.
• Экранды өшіру үшін күй жолағын, негізгі 
экрандағы бос аймақты немесе Құлыптау 
экранын екі рет жылдам түртіңіз.
Экран құлпын Knock Code мүмкіндігімен ашу
Knock Code мүмкіндігі экранда түртулер (немесе нұқулар) 
комбинациясын пайдаланып өзіңіздің құлып ашу кодыңызды жасауға 
мүмкіндік береді.
• Экран өшірулі болған кезде, сіз жасаған түртулер кезегін экранның кез 
келген жерінде түртіңіз. Негізгі экран тікелей ашылады.