LG V490 Operating Guide

Page of 492
44
Хабарландырулар тақтасындағы Жылдам баптаулар 
опцияларын қайта реттеу
Хабарландырулар тақтасын ашыңыз, Жылдам баптаулар опциясын 
солға қарай жылжытып, 
 белгішесін түртіңіз. Элементтерді қайта 
реттеу үшін 
 белгішесін қалаған орынға сүйреп апарыңыз. Қосымша 
белгішелер қосу үшін, қалаған функцияларға құсбелгілер қойыңыз.
Хабарландырулар тақтасындағы QSlide қолданбалары
QSlide қолданбалары хабарландырулар тақтасында, Жылдам 
баптаулар жолағының астында көрсетіледі. Бұл белгішелер бір экранда 
бірнеше тапсырма орындаудың жылдам, ыңғайлы жолын ұсынады 
(теледидардағы суреттің ішіндегі суретпен бірдей). QSlide экранда 
жылжытуға, өлшемін өзгертуге және мөлдір қылуға болатын кішкентай 
қолданба терезесін көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Жылдам баптаулар жолағындағы QSlide белгішесін түрту 
арқылы QSlide қолданбаларын жоя аласыз.
QSlide қолданбаларын пайдалану
Белсендіру үшін жолақтағы кез келген QSlide қолданбасын түртіңіз. 
Белсендірілген кезде, QSlide функциясы қолданбаны алдыңғы фонда 
ашып, артқы фонда басқа қолданбаларға қатынасуға мүмкіндік береді. 
Бір уақытта екі QSlide терезесін ашуға болады.
Күй жолағындағы хабарландыру белгішелері
Төмендегі кестеде тізілген белгішелер ең жиі пайдаланылады.
Белгіше Сипаттамасы
Ұшақ режимі