LG V490 Operating Guide

Page of 492
82
Мына опцияларға өту үшін 
Галерея >   (тақырып жолының жоғарғы сол 
жақ бұрышында) > 
Бейнелер опциясын түртіп, тізімдегі бейнені басып 
тұрыңыз: 
ЖіберуЖоюҚырқу, Өзгерту және Деректер.
КЕҢЕС! Бейнені көру барысында экранның жарықтығын реттеу 
үшін экранның сол жақ жиегін жоғары не төмен қарай сырғытыңыз. 
Дыбыс деңгейін реттеу үшін экранның оң жақ жиегін жоғары не төмен 
сырғытыңыз.
Музыка
Сіздің планшетіңізде барлық таңдаулы өлеңдерді ойнатуға мүмкіндік 
беретін музыка ойнатқышы бар. Музыка ойнатқышына қол жеткізу үшін, 
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Қосымшалар қойындысы > Музыка 
 тармағын түртіңіз.
Медиа құрылғы (MTP) режимімен музыка тасымалдау
Планшетті USB кабелі арқылы компьютерге қосыңыз.
Медиа құрылғы (MTP) опциясын таңдаңыз. Планшетіңіз 
компьютерде тағы бір диск түрінде көрсетіледі. Көру үшін дискіні 
түртіңіз. Компьютердегі файлдарды дискінің қалтасына көшіріңіз.
Ән ойнату
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Қосымшалар қойындысы > 
Музыка   тармағын таңдаңыз.
Әндер қойындысын түртіңіз.
Ойнатылатын әнді таңдаңыз.