LG V490 Operating Guide

Page of 492
99
Бетті ашу
• Жаңа бет ашу үшін шолғыштың жоғарғы жағындағы 
 белгішесін 
түртіңіз.
• Басқа веб бетке өту үшін, бетті көру мақсатында экранның жоғарғы 
жағындағы қойындыны түртіңіз.
Бетбелгілер
Бетбелгіленген веб бетті ашу үшін, шолғыш құралдар тақтасындағы   
белгішесін түртіп, біреуін таңдаңыз.
Жазбалар
Шолғыш құралдар тақтасындағы   белгішесін түртіп, жақында кірілген 
веб беттер тізімінен бір веб бетті ашу үшін 
Жазбалар қойындысын 
таңдаңыз. Журналды тазалау мақсатында 
 белгішесін басу арқылы 
барлық журналдарды тазалаңыз.
Оқу режимін пайдалану
Планшетіңіз оңайырақ оқуға арналған қарапайым веб бетін көрсетеді. 
Жаңалықтарды немесе блог хабарларын және басқа да мақалаларды 
ешбір кедергілерсіз көріңіз; оқу режимімен кедергісіз бетті оқи аласыз.
Шолғыш құралдар тақтасындағы   белгішесін түртіңіз. 
QSlide пайдалану
Бұл мүмкіндікті интернетке ағымдағы қолданбаны жаппастан қол жеткізу 
үшін пайдаланыңыз.
Шолғышта мазмұнды қарап жатқан кезде   белгішесін түртіңіз. Одан 
кейін планшетіңізде басқа ақпаратты шолуыңызға болады. Браузерді 
толық экранда көру үшін 
 опциясын түртіңіз.