LG V490 Operating Guide

Page of 492
105
Ұялы деректер
Таңдалған уақыт кезеңі барысында деректердің қолданылуын көрсетеді. 
Қолданбаның деректер қолдануын көру үшін тізімнен бір қолданбаны 
түртіңіз.
Тарату және Қосылу
Деректерді ортақ пайдалану және басқа құрылғылармен қосылуға 
арналған әртүрлі опцияларды теңшеуге мүмкіндік береді.
SmartShare Beam – LG телефондарынан немесе планшеттерінен 
мультимедиа мазмұнын алуға мүмкіндік береді. 
ЕСКЕРТПЕ: SmartShare Beam қызметін белсендіру үшін, Wi-Fi 
функциясын іске қосуыңыз қажет.
Медиа сервері – мультимедиа мазмұнын жақын жердегі құрылғылармен 
DLNA арқылы ортақ пайдалануға мүмкіндік береді.
Miracast – телефонның экраны мен дыбысын LG Miracast қорғағыш 
құралына немесе теледидарға сымсыз жолмен береді.
ЕСКЕРТПЕ: Miracast мүмкіндігін жылдам іске қосу үшін, 
Хабарландырулар тақтасындағы Miracast белгішесін түртіңіз. 
Шағылыстыру кезінде, Мобильді кіру орнын бір уақытта пайдалануға 
болмайды.
LG PC Suite – Компьютер мен планшет арасында музыка мен 
кескіндерді тасымалдауға мүмкіндік береді.