LG V490 Operating Guide

Page of 492
123
Планшеттің бағдарламалық құралын жаңарту
Бұл функция планшеттің микробағдарламасын қызмет көрсету 
орталығына бармастан, ыңғайлы түрде интернет арқылы ең соңғы 
нұсқасына жаңартуға мүмкіндік береді. Осы функцияны пайдалану жолы 
туралы қосымша ақпарат алу үшін: http://www.lg.com  
Планшеттің микробағдарламасын жаңарту кезінде пайдаланушының 
толық назары қажет болатындықтан, жалғастырмас бұрын, әр қадамда 
пайда болатын нұсқаулар мен ескертпелерді тексеріңіз. Жаңарту кезінде 
USB кабелін немесе батареяны алу планшетті қатты зақымдауы мүмкін 
екенін ескеріңіз.
LG планшетінің бағдарламалық құралын OTA 
(сымсыз тасымалдау) стандарты арқылы 
жаңарту
Бұл мүмкіндікті пайдаланып, планшеттің бағдарламалық құралын 
USB деректер кабелін жалғау қажеттілігінсіз, ыңғайлы түрде OTA 
стандарты арқылы жаңартуға болады. Бұл мүмкіндік тек LG компаниясы 
құрылғыңыз үшін бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасын шығарған 
кезде қолжетімді болады. Алдымен, планшеттегі бағдарламалық құрал 
нұсқасын тексеруге болады: 
Негізгі экраннан 
Қосымшалар   > Баптаулар   > Планшет туралы 
Бағдарламалық жасақтама туралы ақпарат опциясын түртіңіз.
Планшеттің бағдарламалық құралын жаңартуды орындау үшін, Негізгі 
экраннан 
Қосымшалар   > Баптаулар   > Планшет туралы > 
Жаңарту орталығы > БҚ жаңартпасы > Жаңартуды қазір тексеру 
опциясын түртіңіз.
Планшеттің бағдарламалық құралын жаңарту