LG V490 Owner's Manual
![LG](https://files.manualsbrain.com/attachments/ee77646dae7d27898063f2ad99585a7eedae3245/common/fit/150/50/6ca13fe6e2971354bf81a860de34f857dca6461b0d1f494cf2228495db3b/brand_logo.png)
47
• Хабарлар мен күнтізбедегі жоспарланған оқиғалар тек көрсетілген
пайдаланушы идентификаторына хабарлау үшін жіберіледі.
• Пайдаланушы құжатты Mobile Print мүмкіндігін пайдаланып
басып шығаруды бастаса, басып шығару жұмысы пайдаланушы
идентификаторы өзгерсе де жалғаса береді.
• Егер пайдаланушы идентификаторы өзгерсе, деректерді тасымалдау,
жүктеп алу, мультимедианы ойнату және сөйлесу қызметтері
тоқтатылады. Дегенмен, пайдаланушының идентификаторы өзгерсе
де, Play Store арқылы деректер жіберуді жалғастыруға болады.
Планшетіңізде жаңа пайдаланушы қосу
1
Негізгі экраннан
Қосымшалар > Баптаулар > Пайдаланушы
>
Пайдаланушы қосу тармағын түртіңіз.
2
Қосылатын пайдаланушы түрін таңдаңыз.
•
Пайдаланушы: пайдаланушылардың өздерінің қолданбалары мен
мазмұны бар.
•
Шектеулі пайдаланушы: есептік жазбаңыздан қолданбалар мен
мазмұнды ашу мүмкіндігін шектей аласыз.
3
Орнату шебері жаңа пайдаланушы қосуға көмектесу үшін ашылады.
Қазір орнату белгішесін түртіңіз.
• Жаңа пайдаланушы жасаған соң, сол адам жүйеге бірінші рет кірген
кезде орнату процесі арқылы өтуі керек.
Пайдаланушыларды қосу
1
Экран үстіндегі Күй жолағын төмен тартыңыз.
2
Пайдаланушыны ауыстыру тақтасын көрсету үшін пайдаланушы
белгішесін
түртіңіз.
3
Экрандағы пайдаланушы белгішелерінің бірін түртіңіз. Өзіңіз жасаған
ие атын немесе кез келген пайдаланушы атын таңдаңыз.