LG D295 User Manual

Page of 406
28
Басты экраныңыз
Сенсорлы экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
Түрту – саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, төте жолдарды және 
экрандық пернетақтадағы әріптерді таңдайды.
Түрту және ұстап тұру – экрандағы элементті түртіп, әрекет орындалғанша 
саусағыңызды көтермей, түртіп ұстап тұрыңыз. Мысалы, контактінің қол жетімді 
опцияларын ашу үшін мәтінмән мәзірі ашылғанша, Контактілер тізімінде контактіні 
түртіңіз және ұстап тұрыңыз.
Сүйреу – элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты көтерместен, 
саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін 
негізгі экранда элементтерді сүйреуге болады.
Сипау немесе сырғыту – сипау үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты экранда 
тез жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз). Мысалы, экранды жоғары немесе төмен 
жанап өтіп тізімді айналдыруға я болмаса солдан оңға (және керісінше) жанап өту 
арқылы әр түрлі негізгі экрандарды шолуға болады.
Екі рет түрту – веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі рет түртіңіз. Мысалы, 
экран еніне сыйдыру мақсатында веб-бет бөлімшесін реттеу үшін сол бөлімшені 
жылдам екі рет түртіңіз. Суретті көріп отырып, үлкейту және кішірейту үшін екі рет 
түртуге де болады.
Масштабтау үшін шымшу – шымшу немесе ашу қозғалысында сұқ саусағыңыз бен 
бас бармағыңызды пайдаланып, шолғышты, Карталар бағдарламасын пайдаланып 
жатқанда немесе суреттерді шолу кезінде үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз.
Экранды бұру – көп қолданбалар мен мәзірлерде экранның бағдары құрылғының 
физикалық бағдарына сай реттеледі.
ЕСКЕРТПЕ.
Элементті таңдау үшін белгішенің ортасын түртіңіз.
Тым қатты баспаңыз, сенсорлы экран жай, бірақ нық түртуді сезетіндей 
сезімтал.
Қажетті опцияны түрту үшін саусақтың ұшын пайдаланыңыз. Басқа түймелерді 
түртпеңіз.