LG D295 User Manual

Page of 406
64
Мультимедиа
Галерея
Суреттер мен бейнелер альбомдарын көру үшін 
Галерея қолданбасын ашыңыз.
1  
 > 
 > 
Қосымшалар қойындысы > Галерея тармағын түртіңіз. Барлық сурет 
пен бейне файлдарды Галерея ішінде басқаруға және бөлісуге болады.
ЕСКЕРТПЕ. 
Құрылғыда орнатылған бағдарламалық құралға байланысты кейбір файл 
пішімдеріне қолдау көрсетілмейді.
Кодтау жолына байланысты кейбір файлдар дұрыс ойнатылмауы мүмкін.
Суреттерді көру
Галерея қолданбасын іске қосқанда қол жетімді қалталар көрсетіледі. Электрондық 
пошта сияқты басқа қолданба суретті сақтағанда суретті қамтитын жүктеу қалтасы 
автоматты түрде жасалады. Осы сияқты, скриншотты автоматты түрде түсіру 
Скриншоттар қалтасын жасайды. Ашу үшін бір қалтаны таңдаңыз.
Суреттер қалтадағы жасалу күні бойынша көрсетіледі. Толық экранда көру үшін 
суретті таңдаңыз. Келесі немесе алдыңғы суретті көру үшін солға немесе оңға 
жылжыңыз.
Ұлғайту және кішірейту
Суретте ұлғайту үшін келесі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
Ұлғайту үшін кез келген жерде екі рет түртіңіз.
Масштабты үлкейту үшін екі саусағыңызды кез келген жерде екі жаққа созыңыз. 
Масштабты кішірейту үшін шымшыңыз немесе орнына келтіру үшін екі рет түртіңіз.
Бейнелерді ойнату
Бейне файлдарды алдын ала қарағанда 
 белгішесі көрсетіледі. Көру үшін бейнені 
таңдап, 
 пәрменін түртіңіз. Бейнелер қолданбасы іске қосылады.
1  
 > 
Қолданбалар қосымша беті > Галерея тармағын түртіңіз. 
2  
Ойнатылатын бейнені таңдаңыз.