LG D295 User Manual

Page of 406
69
ЕСКЕРТПЕ. 
Құрылғының бағдарламалық құралына байланысты кейбір файл пішімдеріне 
қолдау көрсетілмейді.
Егер файл өлшемі қол жетімді жадтан асса, файлдарды ашқанда қате орын 
алуы мүмкін.
Музыкалық файлдың авторлық құқықтары халықаралық келісімдермен және 
мемлекеттік авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалуы мүмкін. Сондықтан, 
музыканы қайта шығару немесе көшіру үшін рұқсат немесе лицензия алу қажет 
болуы мүмкін. Кейбір елдерде мемлекеттік заңдар авторлық құқықпен қорғалған 
материалды жеке пайдалану үшін көшіруге тыйым салады. Файлды жүктеу 
немесе көшіру алдында тиісті елдің мұндай материалды пайдалануға қатысты 
мемлекеттік заңдарын қараңыз.
FM-радио
Телефонда ішкі FM радиосы бар, осылайша таңдаулы стансаларыңызды реттеп, 
жолда тыңдауға болады. 
 > 
 тармағын > 
Қосымшалар қойындысы > FM радиосы тармағын түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: радионы тыңдау үшін, құлақаспаптарды жалғау қажет. Оларды 
құлақаспап ұясына салыңыз.