LG D295 User Manual

Page of 406
77
Баптаулар
Бұл бөлімде телефонның жүйелік баптаулар мәзірі арқылы өзгертуге болатын 
элементтеріне шолу жасалады.
Баптаулар мәзіріне өту үшін:
 опциясын түртіңіз > 
 > 
Жүйе баптаулары тармағын түртіп, басып тұрыңыз.
- немесе -
 > 
 > 
Қосымшалар қойындысы > Баптаулар тармағын түртіңіз.
Желілер
< Қос SIM карта >
Қос SIM картасының Баптаулар мәзірінің баптаулар реттеуге болады.
1-ШІ SIM КАРТА ҰЯСЫ ЖӘНЕ 2-ШІ SIM КАРТА ҰЯСЫ 
SIM картасы – SIM1 немесе SIM2 картасын іске қосылатын етіп орнатуға мүмкіндік 
береді. 
SIM белгішесі – SIM белгішесін таңдауға мүмкіндік береді.
SIM картасының түс тақырыбы – қалаған түстерді таңдауға мүмкіндік береді.
Құнды сақтау әдісі – телефон кітабына қосқан кезде әрбір контакт тағайындалған 
SIM картасымен бірге қосылады. Қоңырау шалған кезде, сәйкес SIM операторы 
анықталады және әрекет сәйкес SIM операторын қолданып аяқталады. Бұл бірдей 
операторды қолдану артықшылығын пайдалануға мүмкіндік береді.
 
ЕСКЕРТПЕ. Құнның сақтау әдісі қоңырау шалған кезде жұмыс істемейді.
Ұялы деректер – құсбелгі қою үшін түртіңіз. Бұл мобильді желі арқылы деректерге 
қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Пайдаланатын SIM картасы – әдепкі деректер желісін таңдауға болады. Барлық 
мобильді пакет қызметтері (Веб, MMS, электрондық пошта, т.б.) осы мәнде 
таңдалған SIM картасын пайдаланады. Тек бір SIM картасы салынғанда, әдепкі 
деректер желісі салынған SIM картасы ретінде орнатылады және өзгертуге рұқсат 
етілмейді.
ЕСКЕРТПЕ. Ұшақ режимі қосылып тұрғанда, қос SIM картасының баптаулар 
ажыратылады.