LG H955 Owner's Manual

Page of 490
22
Маңызды ескерту
АБАЙЛАҢЫЗ!
Телефонды және жеке деректерді қорғау үшін, қолданбаларды тек
Play Store™ сияқты сенімді ресурстардан жүктеп алыңыз. Телефонда
дұрыс орнатылмаған қолданбалар бар болса, телефон дұрыс жұмыс
істемеуі немесе өрескел қате орын алуы мүмкін. Телефоннан сол
қолданбаларды және оның деректері мен параметрлерінің барлығын
жою керек.
4.  Жабдықты қалпына келтіру функциясын 
(Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру) 
пайдалану
Телефонды бастапқы параметрлеріне және күйіне қалпына
келтіру керек болса, қатты қалпына келтіруді (зауыттық
параметрлерді қалпына келтіруді) пайдаланыңыз.
1  
Қуатты ажыратыңыз.
2  
Телефонның артындағы
Қуат/Құлып түймесін + дыбыс 
деңгейін төмендету түймесін басып тұрыңыз.
3  
Жүктеу логотипі шыққанда ғана
Қуат/Құлып түймесін
жіберіңіз, одан кейін бірден
Қуат/Құлып түймесін қайтадан
басып тұрыңыз.
4  
Зауыттық қатты қалпына келтіру экраны көрсетілгенде барлық
түймелерді жіберіңіз.
5  
Иә опциясын ерекшелеу үшін дыбыс деңгейі пернелерін
пайдаланыңыз, одан кейін жалғастыру үшін
Қуат/Құлып 
пернесін басыңыз.