LG H955 Owner's Manual

Page of 490
61
Контактілер
Таңдаулы контактілер
Жиі қоңырау соғатын контактілерді таңдаулылар ретінде жіктеуге
болады.
Контактіні таңдаулылар тізіміне қосу
1  
Контактілерді ашу үшін   белгішесін түртіңіз.
2  
Толық мәліметін көру үшін контактіні түртіңіз.
3  
Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы жұлдызшаны түртіңіз.
Жұлдызша сары түске өзгереді.
Контактіні таңдаулылар тізімінен жою
1  
Контактілерді ашу үшін   белгішесін түртіңіз.
2  
Таңдаулылар қойындысын түртіп, мәліметтерін көру үшін
контактіні таңдаңыз.
3  
Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы сары жұлдызшаны
түртіңіз. Жұлдызша түсі сұрға ауысады және контакт
таңдаулылардан жойылады.
Топ жасау
1  
Контактілерді ашу үшін   белгішесін түртіңіз.
2  
Топтар >   > Жаңа топ тармағын түртіңіз.
3  
Жаңа топтың атын енгізіңіз. Сондай-ақ, топ үшін ерекше
қоңырау үнін орнатуға болады.
4  
Топты сақтау үшін
Сақтау пәрменін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: топты жойсаңыз, сол топқа белгіленген контактілер
жоғалмайды. Олар контактілер тізімінде қалады.