LG H955 Owner's Manual

Page of 490
64
Электрондық пошта
Электрондық пошта
Gmail сияқты қызметтерден келген электрондық хаттарды оқу
үшін электрондық пошта қолданбасын пайдалануға болады.
Электрондық пошта қолданбасы келесі есептік жазба түрлерін
қолдайды: POP3, IMAP және Exchange.
Қызмет көрсетушіңіз немесе жүйелік әкімші қажет есептік жазба
параметрлерін бере алады.
Электрондық пошта есептік жазбаларын басқару
Бірінші рет
Эл. пошта қолданбасын ашқанда электрондық пошта
есептік жазбасын орнатуға көмектесетін орнату шебері ашылады.
Бастапқы орнатудан кейін Электрондық пошта қолданбасы кіріс
жәшігінің мазмұнын көрсетеді.
Басқа электрондық пошта есептік жазбасын қосу:
>   >
Қосымшалар қойындысын (қажет болса) > Эл. 
пошта >   > Баптаулар >   Тіркелгі қосу тармағын түртіңіз.
Электрондық поштаның жалпы параметрлерін өзгерту:
>   >
Қосымшалар қойындысын (қажет болса) > Эл. 
пошта >   > Баптаулар > Жалпы баптаулар тармағын
түртіңіз.
Электрондық пошта есептік жазбасын жою:
>   >
Қосымшалар қойындысын (қажет болса) > Эл. 
пошта >   > Баптаулар >   > Есептік жазбаны өшіру
тармағын түртіңіз > жойылатын есептік жазбаны таңдаңыз >
Жою > Иә тармағын түртіңіз.