LG H955 Owner's Manual

Page of 490
73
Камера және бейне
ЕСКЕРТПЕ: екі құрылғыны сымды (Slimport-HDMI) кабельмен немесе
сымсыз (Miracast) жолмен қосыңыз. Қосылатын құрылғы HDMI
кабелі немесе Miracast қолданылатын теледидар немесе монитор
болуы мүмкін. «Галерея» және «Бейне» қолданбалары Dual Play
функциясында қолданылады. Екі дисплей әртүрлі күйде (басқаша
айтқанда, монитордан бейне ойнатылып жатқанда және телефонның
бейне қолданбасы бос экранды көрсетіп тұрғанда) болғанда  
опциясын бір рет түртіңіз, одан кейін Dual Play іске қосылады. Барлық
бейнелер Dual Play функциясында қолданылмайды. Dual Play
функциясы 1280X720 немесе одан жоғары ажыратымдылықпен істейді.
Галерея
Галерея барлық суреттерді және бейнелерді көруге және
басқаруға мүмкіндік береді.
>   >
Қосымшалар қойындысын (қажет болса) >  
тармағын түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
Орнатылған бағдарламалық құралға байланысты кейбір файл
пішімдеріне қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Кодтауына байланысты кейбір файлдар тиісті түрде ойнатылмауы мүмкін.
Суреттерді көру
Gallery (Галерея) қалталардағы суреттерді көрсетеді.
Электрондық пошта сияқты қолданба суретті сақтағанда ішінде
сурет бар жүктеп алу қалтасы автоматты түрде жасалады.
Осы сияқты, скриншотты автоматты түрде түсіру Screenshots
(Скриншоттар) қалтасын жасайды.