LG H955 Owner's Manual

Page of 490
80
Утилиталар
Сағат
«Сағат» қолданбасы «Дабылдар», «Таймер», «Әлемдік сағат»
және «Секундомер» функцияларын пайдалануға мүмкіндік
береді. Бұл функцияларға экранның жоғарғы жағындағы
қойындыларды түрту немесе экранда көлденеңінен жанап өту
арқылы қол жеткізіңіз.
>   >
Қосымшалар қойындысын (қажет болса) >  
тармағын түртіңіз.
Дабыл
«Оятқыш» қойындысы дабылдарды орнатуға мүмкіндік береді.
1  
Сағат қолданбасын ашып, Оятқыш қойындысын таңдаңыз.
2  
Дабыл қосу үшін
Жаңа оятқыш мәні белгішесін түртіңіз.
3  
Параметрлерді қажетінше реттеп,
Сақтау пәрменін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: сондай-ақ, бар дабылды түртіп, өзгертуге болады.
Таймер
Таймер орнатылған уақыт мөлшері өткенде дыбыстық сигналмен
ескертеді.
1  
Сағат қолданбасын ашып, Таймер қойындысын таңдаңыз.
2  
Таймерде қажет уақытты орнатыңыз.
Әлемдік сағат
Әлемдік сағат дүние жүзіндегі басқа қалалардағы ағымдағы
уақытты оңай тексеруге мүмкіндік береді.
Утилиталар