LG H955 Owner's Manual

Page of 490
91
Параметрлер
Қуат пернесі қоңырауды аяқтайды – қоңырауларды аяқтау
үшін қуат пернесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Қоңырауға тыйым салу – кіріс, шығыс немесе халықаралық
қоңырауларды құлыптайды.
Қоңырау ұзақтығы – қоңыраулардың түрлері үшін телефон
арқылы сөйлесу ұзақтығын көруге мүмкіндік береді.
Қосымша баптаулар – келесі параметрлерді өзгертуге
мүмкіндік береді:
< БАЙЛАНЫС >
Ортақ пайдалану және қосылу
NFC – телефоныңыз NFC қосылған мобильді телефон болып
табылады. NFC (Near Field Communication) дегеніміз —
электрондық құрылғылар арасында екі жолды байланысты
іске қосатын сымсыз қосылу технологиясы. Ол бірнеше
сантиметр арақашықтықта жұмыс істейді. Мазмұнды NFC
тегімен немесе басқа NFC қолдау құрылғысымен оны
құрылғыңызбен байланыстыру арқылы бөлісуге болады.
NFC тегіне құрылғымен тисеңіз, ол тег мазмұнын құрылғыда
көрсетеді.
Android Beam – бұл мүмкіндік қосулы болғанда
құрылғыларды бір-біріне жақын ұстау арқылы қолданба
мазмұнын басқа NFC мүмкіндігі бар құрылғыға жіберуге
болады. Құрылғыны (әдетте артқы жақтарын) жақындатып,
экранды түртіңіз. Қолданба не жіберілгенін анықтайды.
SmartShare Beam – LG телефондары мен планшеттері
арқылы мультимедиалық мазмұнды алуға мүмкіндік береді.
Медиа сервері – Мультимедиа мазмұнын DLNA арқылы
жақын маңдағы құрылғылармен бөлісіңіз.