LG H955 Owner's Manual

Page of 490
96
Параметрлер
Үй сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру – қолданба/
виджет орналасулары мен негізгі экран тұсқағазының сақтық
көшірмесін жасауға және қалпына келтіруге болады.
Анықтама – негізгі экран үшін анықтамалық ақпаратты
көрсетеді.
Экранды құлыптау
Экран құлпын таңдау – телефонды қорғайтын экран
құлпының түрін орнатыңыз. Экран құлпын ашу өрнегін салу
қадамдарын көрсететін экрандар жиынын ашады. Егер өрнек
құлып түрін қоссаңыз, телефонды қосқанда немесе экранды
оятқанда сізден экран құлпын ашу үшін құлыпты ашу өрнегін
салу сұралады.
Smart Lock – сенімді Bluetooth құрылғысы қосылған болса,
үй немесе жұмыс сияқты таныс орында болса немесе
бетіңізді таныса, телефоныңыздың құлпын ашулы ұстау үшін
орнатыңыз.
Экран әсері – Экранда жүргізу әсерінің опцияларын
орнатады.
ЕСКЕРТПЕ: экран құлпына үлгі қойылса, бұл параметр атауы үлгі әсері
болуы мүмкін.
Тұсқағаз – құлыптау экранының тұсқағазын орнатуға мүмкіндік
береді.
Сілтемелер – құлыптау экранында қолдануға болатын
белгішелерді таңдауға мүмкіндік береді.
Ауа райы анимациясы – ағымдағы орын үшін құлыптау
экранында ауа райы анимациясын көрсету үшін құсбелгі
қойыңыз.