LG X155 User Guide

Page of 348
28
Негізгі экраныңыз
Негізгі экраныңыз
Сенсорлық экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
• 
Түрту: саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, 
төте жолдарды және экрандық пернетақтадағы әріптерді 
таңдайды.
• 
Түрту және ұстап тұру: экрандағы элементті түртіп, әрекет 
орындалғанша саусағыңызды көтермей, түртіп ұстап 
тұрыңыз.
• 
Сүйреу: элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, 
саусақты көтерместен, саусақты мақсатты орынға жеткенше 
экранда жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін негізгі экранда 
элементтерді сүйреуге болады.
• 
Жүргізу немесе сырғыту: жүргізу (жанап өту) немесе 
сырғыту үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты экранда 
тез жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз).
• 
Екі рет түрту: экран құлпын қосу немесе өшіру үшін екі рет 
түртіңіз.
• 
Масштабтау үшін шымшу: шолғышты, карталар 
бағдарламасын пайдаланып жатқанда немесе суреттерді 
шолу кезінде үлкейту немесе кішірейту үшін шымшу не ашу 
қозғалысымен екінші саусағыңыз бен бас бармағыңызды 
пайдаланыңыз.
• 
Экранды бұру: көп қосымшаларда және мәзірлерде 
экранның бағдары құрылғының физикалық бағдарына сай 
реттеледі.