LG D856 User Guide

Page of 533
39
Экранды бұру - көп қолданбалар мен мәзірлерде экранның 
бағдары құрылғының физикалық бағдарына сай реттеледі.
ЕСКЕРТПЕ:
Элементті таңдау үшін белгішенің ортасын түртіңіз.
Тым қатты баспаңыз, сенсорлы экран жай, бірақ нық түртуді 
сезетіндей сезімтал.
Қажетті опцияны түрту үшін саусақтың ұшын пайдаланыңыз. 
Басқа түймелерді түртпеңіз.
Басты экран
Негізгі экран — көп қосымшалар мен функциялардың бастапқы 
нүктесі, ол ақпарат пен қолданбаларға жылдам қатынасты 
қамтамасыз ету үшін қосымша белгішелері, төте жолдар, 
қалталар немесе виджеттер сияқты элементтерді қосуға мүмкіндік 
береді. Бұл — әдепкі кенеп және кез келген мәзірден   түймесін 
түртіп өтуге болады.