LG D856 User Guide

Page of 533
128
LG ұялы телефонының бағдарламалық құралын OTA 
(сымсыз тасымалдау) стандарты арқылы жаңарту
Бұл мүмкіндік телефонның микробағдарламасын OTA 
арқылы, USB деректер кабелімен қосусыз ыңғайлы жаңартуға 
мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін жаңарақ 
микробағдарлама нұсқасын қол жетімді еткенде ғана қол жетімді 
болады.
Алдымен ұялы телефондағы бағдарламалық құрал нұсқасын 
тексеру керек
: Баптаулар > Жалпы қойындысы > Телефон 
ақпараты > Ортақ қойындысы > Жаңарту орталығы > БҚ 
жаңартпасы > Жаңартуды қазір тексеру.
ЕСКЕРТПЕ: жеке деректеріңіз—соның ішінде Google есептік 
жазбаңыз бен барлық басқа есептік жазбаларыңыз туралы ақпарат, 
жүйе/қолданба деректері мен параметрлері, барлық жүктеп алынған 
қолданбалар және DRM лицензияңыз —телефонның бағдарламалық 
құралын жаңарту процесі кезінде жоғалуы мүмкін. Сондықтан, LG 
компаниясы телефонның микробағдарламасын жаңартпастан бұрын 
жеке деректердің сақтық көшірмесін жасауды ұсынады. LG компаниясы 
жеке деректердің жоғалуына жауапты болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: бұл мүмкіндік желі қызметінің провайдеріне, аймаққа 
немесе мемлекетке байланысты.
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту