LG LG G3 (D855) Moon Violet User Guide

Page of 537
41
2  
Қосымша белгішесін қайтадан басып, қажетті белгішенің дизайны мен 
өлшемін таңдаңыз. 
3  
Өзгерісті сақтау үшін 
OK түймесін түртіңіз.
Жақында пайдаланылған қолданбаларға оралу
1  
 опциясын түртіңіз. Жиі пайдаланылатын бағдарламалардың тізімі 
көрсетіледі.
2  
Қосымшаны ашу үшін белгішені түртіңіз. Немесе алдыңғы экранға 
қайту үшін   түймесін түртіңіз.
Хабарландырулар тақтасы
Хабарландырулар жаңа хабарлардың келуі, күнтізбе оқиғалары және 
оятқыштар, сонымен бірге бейнелерді жүктеп алу сияқты ағымдағы 
оқиғалар туралы ескертеді.
Хабарландыру келгенде, оның белгішесі экранның жоғарғы жағында 
пайда болады. Күтудегі хабарландырулардың белгішелері сол жағында 
пайда болады және Wi-Fi немесе батарея заряды сияқты нәрселерді 
көрсететін жүйелік белгішелер оң жағына шығады.
ЕСКЕРТПЕ: қол жетімді опциялар аймаққа немесе қызмет 
провайдеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.