Zanussi ZDF91200WA User Manual

Page of 40
Мазмұны
Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _  2
Басқару панелі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  4
Бағдарламалар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  4
Функциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  5
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _  5
Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  7
Ақыл-кеңес _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  9
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  10
Ақаулықты түзету _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  11
Техникалық ақпарат _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  12
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  13
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
  Қауіпсіздік нұсқаулары
Құрылғыны орнатып іске қолданар
алдында бірге жеткізілген нұсқауларды
мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нəтижесінде адам жарақат алса жəне
ақаулық орын алса өндіруші жауапты
емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру
үшін үнемі сақтап қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып
қалу, жарақат алуы немесе мүгедек
болып қалу қаупі бар.
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе
ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тəжірибесі жоқ немесе қолдана
білмейтін адамдарға, балаларға оны
іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы
құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның нұсқауы немесе
қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
• Жуғыш заттардың барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын алыс
ұстаңыз.
Орнату
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз
немесе қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Құрылғының қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
2
 
www.zanussi.com