Zanussi ZDF92600XA User Manual

Page of 64
 САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан балалар мен
физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар, құрылғыны
қауіпсіз пайдалану және одан келетін ықтимал қауіп-
қатер туралы нұсқау алса және/немесе қадағалау үстінде
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған
жерлерде қолдануға арналған:
фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер мен
басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерде;
қонақ үйлерде, мотельдер мен төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін қонақжайлар мен басқа да
тұрғынды жерлерде.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Судың жұмыс қысымы (ең аз және ең көп) 0.5 (0.05) / 8
(0.8) бар (МПа) аралығында болуы керек
Ең көбі 13 орыннан асырмаңыз.
2