Zanussi ZDF92600WA User Manual

Page of 56
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
 
5 min
 
Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз. Егер қосу/сөндіру түймешігін
баспасаңыз, бағдарлама аяқталғаннан кейін бірнеше минут өткенде Auto OFF функциясы
құрылғыны автоматты түрде сөндіреді.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЖАЛПЫ
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті қолдану
барысында кептіріп және тазалаған кезде
жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ,
қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның үлкенірек
қалдықтарын алып, қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен шаймаңыз.
Егер қажет болса, алдын ала жуу
бағдарламасын (егер бар болса)
қолданыңыз немесе алдын ала жуу циклі
бар бағдарламаны таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі толық
пайдаланыңыз.
• Құрылғыға зат салған кезде, бүріккіштен
шыққан судың ыдыстардың барлығына
толық жетіп және оларды жуа алатынына
көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне тимей
немесе бірін бірі далдалап тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш,
шайғыш құралды және тұзды бөлек
пайдалануға немесе аралас
таблеткаларды пайдалануға болады
(мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All in 1'').
Орамында көрсетілген нұсқауларды
орындаңыз.
• Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай
орнатыңыз. ECO бағдарламасын
пайдаланып қалыпты кірлеген ас үй
құралдары және ыдыс-аяқты жуғанда, су
мен қуат барынша тиімді жұмсалады.
СУ ЖҰМСАРТҚЫШ
Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне және
құрылғыға жағымсыз әсер ететін, судың
құрамындағы минералдарды тазалайды.
Осы минералдың мөлшері неғұрлым көп
болса, судың кермектігі де соғұрлым жоғары
болады. Судың кермектігі балама шкаламен
есептеледі.
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың
кермектігіне сәйкес бапталуға керек.
Аймағыңыздағы судың кермектігі туралы
ақпаратты жергілікті су мекемесінен ала
аласыз. Жақсы жуу нәтижесіне жету үшін су
жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнату керек.
ТҰЗ, ШАЙҒЫШ ЗАТ ЖӘНЕ ЖУҒЫШ ЗАТТЫ
ПАЙДАЛАНУ
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды,
шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.
Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
• Аралас таблеткалар судың кермектігі 21
°dH болатын аймақтар үшін жарамды. Осы
13