Zanussi ZDF92600WA User Manual

Page of 56
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамаса немесе жұмыс
жасап тұрып тоқтап қалса. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласу алдында,
кестеде көрсетілген ақпаратты қолданып,
ақаулықты өз бетіңізбен түзетіп көріңіз.
Кей ақаулықтар орын алғанда, дисплейде
ескерту коды көрсетіледі.
Ақау және ескерту коды
Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса
алмадыңыз.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы еш сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарлама басталмай тұр.
• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны
ажыратыңыз немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
• Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды қайта
толтыру үдерісін бастап кеткен. Бұл үдерістің ұзақтығы
шамамен 5 минут.
Ыдыс жуғыш машинаға су
құйылмай тұр.
Бейнебетте 
көрсетіледі.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте
төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты
жергілікті су ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы суы сарқылмай
тұр.
Бейнебетте 
көрсетіледі.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Тасқынға қарсы құрал
қосулы.
Бейнебетте 
көрсетіледі.
• Судың шүмегін жабыңыз да, уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны тексеріп болғаннан кейін, сөндіріп
де, қайта қосыңыз. Ақаулық қайта пайда
болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Кестеде көрсетілмеген ақау кодтары пайда
болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
16