Zanussi ZDF92600WA User Manual

Page of 60
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының ұштарын
төмен қаратып немесе көлденеңінен қойып ас
құралдарына арналған себетке салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып қалмас
үшін қараусыз қалдырмаңыз.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан
төмен жерге орнатпаңыз немесе
қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН! Өрт
шығу және электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған.
Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы бар.
Қуат ашасындағы сақтандырғышты
ауыстыру қажет болса, келесі
сақтандырғышты пайдаланыңыз: 13 amp
ASTA (BS 1362).
СУҒА ҚОСУ
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ
уақыт қолданылмаған құбырларға
3