Zanussi ZDS91200SA User Manual

Page of 52
• Зумпф сорғышының ішінде немесе айналасында ешбір тағам қалдығыңың немесе қоқыстың
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Жалпақ сүзгіні орнына (C) қойыңыз. Оның 2 бағыттағыштың астына дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
• (A) және (B) сүзгілерін құрастырыңыз.
• (A) сүзгісін (C) сүзгісіне салыңыз. Сырт етіп орнына түскенше сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы және құрылғыға
нұқсан келуі мүмкін
БҮРІККІШ ТҮТІКТЕРДІ ТАЗАЛАУ
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш
түтіктердің тесіктері бітеліп қалса,
қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
• Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз.
• Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
ІШІН ТАЗАЛАУ
• Құрылғыны мұқият тазалаңыз, есіктің
резеңке тығыздағышын жұмсақ, дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
• Егер қысқа бағдарламаларды жиі
пайдалансаңыз, құрылғының ішінде май
немесе қақ жиналып қалуы мүмкін. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін ұзақ
бағдарламаларды айына кем дегенде 2 рет
қосып орындауды ұсынамыз.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Егер құрылғы іске қосылмаса немесе жұмыс
істеп тұрып тоқтап қалса, қызмет көрсету
орталығына хабарласпай тұрып, мәселені
кестедегі ақпараттың көмегімен өзіңіз шешіп
көруге тырысыңыз.
Кей ақаулықтар пайда болған кезде әр түрлі
индикаторлар қысқа және/немесе үздіксіз
жыпылықтап, ақауды ескертеді.
Ақау және ескерту коды
Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса
алмадыңыз.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарлама басталмай тұр.
• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Бастау түймешігін басыңыз.
• Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса,
оны ажыратыңыз немесе кері санақ аяқталғанша
күтіңіз.
• Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды қайта
толтыру үдерісін бастап кеткен. Бұл үдерістің
ұзақтығы шамамен 5 минут.
14