Zanussi ZDT92100FA User Manual

Page of 56
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың ағымдық деңгейінің
сумен жабдықтау жүйесіндегі судың
кермектігіне сай келетініне көз
жеткізіңіз. Егер сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғының ішінде өндіру барысында
қалуы мүмкін қалдық заттарды тазалау
үшін бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
затты қолданбаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
Бағдарламаны бастаған кезде, су
жұмсартқыштың ішіндегі шайырды қайта
толтыру үшін шамамен 5 минут уақыт кетеді.
Құрылғы жұмыс істемей тұрған тәрізді көрінуі
мүмкін. Жуу циклы осы үдеріс аяқталғаннан
кейін ғана басталады. Бұл әрекет ара-тұра
қайталанып тұрады.
ТҰЗ ҚОСУ
Ең алғаш пайдалану алдында тұз сауытына бір литр су қосыңыз.
Тұз сауытын толтырған кезде одан су және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі бар. Бұндай
жағдайға жол бермеу үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін бағдарламаны бастаңыз.
ШАЙҒЫШ ЗАТ ҚОСУ
2
1
 
 
4
3 2 1
A
Шаю құралы ыдыс-аяқты ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай құрғатуға мүмкіндік береді. Бұл
ыстық сумен жуу режимінде автоматты түрде қосылады. Шайғыш зат үлестіргішті шынысы (A)
мөлдір болған кезде толтырыңыз.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
Құрылғының бағдарлама таңдау режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз
сауытын толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс
орнатыңыз да, іске қосыңыз.
9