Zanussi ZDT92600FA User Manual

Page of 44
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
1. Құрылғының есігін ашып қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз. Құрылғының бағдарлама таңдау
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Бағдарлама түймешіктерінің бірін бейнебетте орнатқыңыз келген бағдарламаның нөмірі
көрсетілгенше басыңыз.
• Дисплейде бірнеше секундтан кейін бағдарлама ұзақтығы көрсетіледі.
4. Қолжетімді функцияларды орнатыңыз.
5. Бағдарламаны бастау үшін құрылғының есігін жабыңыз.
ЖАРТЫЛАЙ ТОЛТЫРУ ПАРАМЕТРІ
Бұл параметр Eco , AUTOMATIC , Intensive функциясымен бірге жұмыс істейді.
Осы параметрдің көмегімен аз мөлшердегі ыдыстарды жууға болады. Бұл функция
бағдарламаның уақыты мен қуат пен судың қолданылатын мөлшерін азайтады. Екі себетті де
толтырыңыз және жуғыш затты аз мөлшерде пайдаланыңыз.
ПАРАМЕТР XTRADRY
Кептіру нәтижесін жақсарту үшін осы опцияны қосыңыз. Осы опцияны қолдансаңыз, кейбір
бағдарламалардың уақыттарына, пайдаланылатын судың мөлшеріне және соңғы шаю
циклының температурасына әсер етеді.
XtraDry опциясы тұрақты таңдалып тұрмайды және оны әр цикл үшін таңдап отыру керек.
Бұл опция Rinse and Hold және Plate Warmer бағдарламасында жұмыс істемейді.
12