Zanussi ZEI56640XB User Manual

Page of 56
Тағам пісіру бағдарламаларының
үлгілері
Қызу параметрі мен пісіру алаңының
қуатты тұтыну мәні өзара тура байланысты
емес. Қызу параметрінің мәнін көбейткен
кезде, пісіру алаңы пайдаланатын қуаттың
мәні пропорциональды түрде көбеймейді.
Сондықтан да, орташа қызу параметрін
қолданатын пісіру алаңы, өз қуатының
жартысынан азын жұмсайды.
Кестедегі деректер жалпылама
нұсқау ретінде ғана берілген.
Қызу
параметрі
Пайдалану:
Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
 - 1
Піскен тағамды жылы ұстаңыз.
қажетіне
орай
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
1 - 2
Голланд тұздығы, балқытылған:
сары май, шоколад, желатин.
5 - 25
Ара-тұра араластырыңыз.
1 - 2
Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқалар.
10 - 40
Қақпағын жауып пісіріңіз.
2 - 3
Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату,
дайын тағамдарды жылыту.
25 - 50
Күрішке кем дегенде, оның
мөлшерінен екі есе артық су
құйыңыз, сүт тағамдарын
арасында араластырыңыз.
3 - 4
Буға піскен көкөністер, балық,
ет.
20 - 45
Бірнеше ас қасық су қосыңыз.
4 - 5
Буға піскен картоптар.
20 - 60
750 г картопқа ең көбі ¼ л су
пайдаланыңыз.
4 - 5
Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен көже
пісіру.
60 - 150
3 литрге дейін су және
құраластар.
6 - 7
Баппен қуыру: эскалоп, "кордон
блё" бұзау еті, котлет, риссоль,
шұжық, бауыр, майға қуырылған
ұн, жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
қажетіне
орай
Орта тұсында аударыңыз.
7 - 8
Қатты қуыру, қуырылған картоп,
қоң ет, бифштекстер.
5 - 15
Орта тұсында аударыңыз.
9
Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып пісіру),
фри қуыру үшін.
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. Қуат функциясы қосылып тұр.
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Жалпы ақпарат
• Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
www.zanussi.com
11