Zanussi ZWSH6100V User Manual

Page of 56
2
Жуу циклына арналған жуғыш зат
бөлігі. Сұйық жуғыш затты
қолдансаңыз, оны бағдарламаны
бастаудың сәл алдында ғана
салыңыз.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал). Жуғыш құралды
бағдарламаны бастамай тұрып
бөлікке салыңыз.
СҰЙЫҚ НЕМЕСЕ ҰНТАҚ ЖУҒЫШ ЗАТ
Жуғыш зат үлестіргішті
тоқтап қалғанша
сыртқа қарай
тартыңыз. Жуғыш зат
бөлгіштің A қалпы -
ұнтақ жуғыш затқа
арналған.
A
Сұйық жуғыш затты
пайдалану үшін:
1. Жуғыш зат бөлгішті 
A қалпынан алыңыз.
B
2. Жуғыш зат бөлгішті 
B қалпына қойыңыз.
3. Жуғыш зат
үлестіргішін абайлап
жабыңыз.
Қайта ұнтақ жуғыш затты
пайдалану үшін, жуғыш зат
бөлгішті қайта A қалпына қойыңыз.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған
кезде:
• Қоймалжың немесе қою сұйық
жуғыш заттарды қолданбаңыз.
• Сұйық жуғыш затты жуғыш
заттың бөлгішіндегі көрсетілген
межеден асырмаңыз.
• Алдын ала жуу параметрін
орнатпаңыз.
• Кешіктіріп бастау параметрін
орнатпаңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ
1. 
Бағдарлама орнату және құрылғыны қосу
үшін бағдарлама тетігін бұраңыз:
Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.
2. Қажет болса, температура мен айналдыру
жылдамдығын өзгертіңіз немесе
қолжетімді параметрлерді қосыңыз.
Параметрді қосқан кезде орнатылған
параметрдің индикаторы жанады.
Егер дұрыс параметр
орнатылмаса, Старт/Пауза
индикаторы қызыл түспен
жыпылықтайды.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ ЖОҚ
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор жыпылықтауын тоқтатады.
Цикл 
 индикаторы тұрақты жанып тұрады.
Бағдарлама басталады да, есік құлыпталады.
Су сорғысы жуу циклының
басында шамалы уақыт жұмыс
істейді.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ПАРАМЕТРІ БАР
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
1. 
Қажетті кешіктіріп бастау циклын орнату
үшін Отложенный старт түймешігін
бірнеше рет басыңыз.
Орнатылған кешіктіріп бастау параметрінің
индикаторы жанады.
2. Старт/Пауза түймешігін басыңыз:
• Есік құлыпталған.
• Құрылғы кері санай бастайды.
• Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
11