Zanussi ZSG25224XA User Manual

Page of 116
Жалпақ, кең ыдысты қолдансаңыз, күріш
жақсы піседі.
Жібіту
Қуырылатын тағамның майлы жағын үнемі
төмен қаратып жібітіңіз.
Етті жауып жібітпеңіз, себебі ет жібімей,
пісіп кетуі мүмкін.
Әрқашан бүтін тауықтың төс жағын төмен
қаратып жібітіңіз.
Пісіру
Тоңазытылған ет пен құс етін пісірерден
кем дегенде 30 минут бұрын алып
қойыңыз.
Етті, құс етін, балықты және көкөністерді
пісіріп болғаннан кейін қақпақ жауып
қойыңыз.
Балықтың үстіне шамалы көкөніс майын
немесе еріген сары май жағыңыз.
Барлық көкөністерді толық микротолқын
қуатымен пісіру керек.
Әр 250 г көкөніске 30 - 45 мл суық су
қосыңыз.
Жас көкөністерді пісірер алдында біркелкі
етіп тураңыз. Көкөністердің барлығын
қақпағы бар сауытқа салып пісіріңіз.
Қыздыру
Орамдағы дайын тағамдарды қыздырған
кезде, әрқашан орамдағы нұсқауларды
орындаңыз.
Гриль
Жайпақ тағам түрлерін гриль торының
ортасына қойып қуыруға арналған.
Орнатылған уақыттың ортасына келгенде
тағамды аударып, қуыруды
жалғастырыңыз.
Аралас пісіру режимі
Кей тағамдарды қытырлақ күйде ұстау үшін
Аралас пісіру режимін пайдаланыңыз.
Пісіру уақытының жартысы өткенде
тағамдарды аударып, пісіруді
жалғастырыңыз.
Аралас пісіру функциясына арналған 2
режим бар. Әр режим әр түрлі уақытта
және әр түрлі қуат деңгейлеріне келгенде,
микротолқын және гриль функцияларын
біріктіріп пайдаланады.
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескертулер және
ақыл-кеңес
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін тазалау
үшін әдетте қолданылатын жуғыш
заттарды пайдаланыңыз.
• Құрылғының ішкі жағын пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз,
әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы тазалағыштармен тазалаңыз.
• Барлық керек-жарақтарды уақытылы
тазалап, құрғатыңыз. Шүберекті, жылы
су мен жуғыш затты пайдаланыңыз.
• Қатып қалған қоқыстарды жібіту үшін,
стакан суды ең жоғары микротолқын
қуатымен 2-3 минут қайнатыңыз.
• Иістерді кетіру үшін стакандағы суға 2
шай қасық лимон шырынын құйып, 5
минут ең үлкен микротолқын қуатымен
қайнатыңыз.
Ақаулықты түзету
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
www.zanussi.com
77