AEG L 56126 TL User Manual

Page of 80
3. 
CLICK
4.
B
• A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
• B - сұйық жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
• Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
• Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
10.6 Бағдарламаны орнату
1. Бағдарлама тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз:
• Бастау/Үзіліс индикаторы
жыпылықтайды.
• Дисплейде бағдарлама
ұзақтығы көрсетіледі.
2. Қажет болса, температураны,
айналдыру жылдамдығын,
циклдың ұзақтығын өзгертіңіз
немесе қолжетімді параметрлерді
қосыңыз. Параметрді қосқан кезде
орнатылған параметрдің
индикаторы жанады.
Егер қате орнатып
қойсаңыз, бейнебетте Err
жазуы пайда болады.
10.7 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
Бағдарламаны бастау үшін Бастау/
Үзіліс түймешігін басыңыз.
Тиісті индикаторы жыпылықтауын
тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
Бағдарлама басталады, қақпақ
бұғатталады. Бейнебетте 
индикаторы пайда болады.
Құрылғыға су құйылған
кезде су төгетін сорғы
шамалы уақыт жұмыс
істейді.
10.8 Құрылғының жұмысы
Бағдарлама басталғаннан
кейін шамамен 15
минуттан кейін:
• Барынша аз уақыт
ішінде тамаша нәтижеге
қол жеткізу үшін
құрылғы цикл уақытын
барабанға салынған
кірге қарай отырып,
автоматты түрде
реттейді.
• Бейнебетте жаңа уақыт
мәні көрсетіледі.
10.9 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте орнатқыңыз келген
кешіктіріп бастау уақыты
көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
2. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Құрылғы кешіктіріп бастау
функциясының кері санағын бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
ҚАЗАҚ
15