Philips FC 9174/01 User Manual

Page of 144
 
- Құбырды шлангының сабынан ажырату үшін, серіппелі құлпы түймесін басып, сапты құбырды 
суырып тартып алыңыз.
2
Шаң сорып жатқанда құбырды өзіңізге ең ыңғайлы болып келетін ұзындыққа
сәйкестендіріп алыңыз. Екі сақинаның біреуін төмен қарай итеріп, сақинаның үстіндегі
құбыр бөлігін жоғары қарай тартыңыз немесе төмен қарай итеріңіз (Cурет 7).
Телескопиялық (бақылауға болатын) құбыр (тек белгілі бір түрлерде)
1
Құбырды сабына жалғау үшін, сапты құбырға кіргізіп, серіппелі құлып түймесін құбырдың
тесігіне сәйкестендіріңіз («сырт» еткен дыбыс шығады) (Cурет 8).
 
- Құбырды сабынан ажырату үшін, серіппелі құлып түймесін (1) басып, сапты құбырдан (2) 
суырып тартып алыңыз (Cурет 9).
2
Шаң сору кезінде құбырдың ұзындығын өзіңізге ыңғайлы етіп алыңыз (Cурет 10).
Саптама мен керек-жарақтар
1
Саптаманы немесе керек-жарақты құбырға орнату үшін құбырдағы серіппелі бекіту
түймесін (1) басып, құбырды саптамаға немесе қосымша бөлшекке (2) енгізіңіз. Серіппелі
бекіту түймесін саптамадағы немесе қосымша бөлшектегі тесікке келтіріңіз («сырт»
еткен дыбыс естіледі) (Cурет 11).
Ескертпе. Осындай жолмен саптама мен керек-жарақтарды сабына тікелей орнатуға да болады.
2
Саптаманы немесе керек-жарақтарды құбырдан шешу үшін серіппелі бекіту түймесін
басып, саптаманы құбырдан суырып алыңыз.
TriActive саптамасы (тек белгілі бір түрлерде) 
TriActive саптамасы — кілем мен қатты едендерге арналған көп мақсатта қолдануға болатын 
саптама.
 
- Жанындағы щетка қосымша шаң мен кірді жинауға көмек көрсете отырып, жиһаздар мен 
басқа тосқауылдар арасын жақсырақ тазалауға мүмкіндік береді (Cурет 12).
 
- Саптаманың алдындағы ашық саңлау үлкен қоқыстарды жинауға мүмкіндік 
береді (Cурет 13).
1
Қатты едендерді тазалау үшін, құбыр үстіндегі дөңгелек қосқышты аяғыңызбен
басыңыз (Cурет 14).
, Қатты едендерді тазалауға арналған щетканың таспа орнынан шығарылады. Сонымен
қатар, дөңгелектері көтеріліп, еденді сырудың алдын алу қозғалыстарының мүмкіндігі
артады.
2
Кілемдерді тазалау үшін, дөңгелек қосқышты қайтадан басыңыз (Cурет 15).
, Щетканың таспасы орнына түсіп, дөңгелектері автоматты түрде төмендетіледі.
Біріктірілмелі саптама (тек белгілі бір түрлерде).
Біріктірілмелі саптамасын кілемге және едендерге де қолдануға болады.
1
Қатты едендерді тазалау үшін, біріктірілмелі саптамадағы дөңгелек қосқышты аяғыңызбен
басыңыз (Cурет 16).
, Қатты едендерді тазалауға арналған щетканың таспасы орнынан шығады.
2
Кілемдерді тазалау үшін, дөңгелек қосқышты қайтадан басыңыз (Cурет 17).
, Щетканың таспасы саптама орнына түседі.
Қатты бетті тазалайтын саптама (тек кейбір үлгілерде бар)
 
- Қатты едендерді тазалауға арналған қондырғы қатты едендерді оңай тазалауға 
арналған (Cурет 18).
ҚазаҚша
53